ТҮЛЕКТЕР МЕКТЕБІНЕ МҰРАЖАЙ ТАРТУ ЕТТІ
Білім ошағының 126 жылдық тарихынан сыр шертетін мұражай Қызылқоға ауданындағы Қаракөл орта мектебінде ашылды.
Мектепті 2004 жылы бітірген түлектер 20 жылдық кездесуге орай құнды ақпараттар мен тарихи деректер жинақталған мұражайды 3 ай ішінде жасақтаған. Мұражайдың ашылу салтанатына ардагер ұстаздар мен ауыл тұрғындары қатысты.
– Мұражай ашудағы мақсат – мектеп тарихын жаңғырту, еңбек еткен ұстаздарды ұлықтау, олардың үлгі-өнеге жолын өскелең ұрпаққа насихаттау – мектеп түлегі Руслан Сарбалин.
Мұражайға бұрынғы Қызыл үйдегі мектептің, қазіргі мектептің барлық мәліметі, фотосуреттер, жазбалар мен жәдігерлер қойылған.
Загрузка...

