Атырауда облыстық Білім беру басқармасы жанынан инклюзивті және арнайы білім беру мәселелеріне арналған үйлестіру кеңесі құрылды

Үйлестіру кеңесінің құрамында облыс әкімінің штаттан тыс кеңесшісі, қоғамдық ұйымдардың басшылары, ҮЕҰ мүшелері, педагогтердің біліктілігін арттыру орталықтарының директорлары, ЖОО-ның оқытушылары, ата-аналар қауымдастығының мүшелері бар.

Алғашқы отырысында Үйлестіру кеңесінің ережесі, жұмыс жоспары, құрамы бекітілді.

Кеңес жұмысы білім беру ұйымдарында инклюзивті мәдениетті дамыту, инклюзивті және арнайы білім беру саласындағы мәселелерді шешу, балаларға тең мүмкіндіктер жасауға бағытталған.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий