АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫНДА ХАЛЫҚАРАЛЫҚ БАЛАЛАРДЫ ҚОРҒАУ КҮНІ АТАЛЫП ӨТТІ

Бүгін 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған “Бала – бақыт, бала- шаттық, бала -нұр” атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

Шараға облыс әкімі Асхат Шахаров қатысып, ақтөбелік балаларды мерекесімен құттықтады.

Шара барысында республикалық пәндік олимпиаданың жеңімпаздарына облыс әкімінің Алғысхаты мен сертификат табысталды.

Сондай-ақ, шара аясында Ашық аспан астындағы хайуанаттар бағы (жас натуралистер стансасының көрмесі), «Ғажайып Ақтөбе» көрме-жәрмеңкесі (балалардың қол өнер бұйымдары), «Біз бақытты балдырған!» асфальтта сурет салу байқауы, «Жадырасын балақай» қуыршақтар қойылымы, робототехника, әуе, су, әуемодельдеу жұмыстарының көрмесі, «Шынықсаң шымыр боласың» атты бұқаралық спорттық, мектепке ұйым балаларының (3-5 жас аралығындағы балалар) арасында үш аяқты велосипедпен жарыс, «Балалар кітап әлемінде» атты облыстық және мектеп кітапханаларының көрмесі ұйымдастырылып, «Абайлаңыз балалар!» және «Балалар арасында тұрмыстық жарақаттың алдын алу, жарақат алған кезде алғашқы медициналық көмек көрсету» практикалық көрсетілімдері өткізілді.

Мерекелік шара Ақтөбе қаласындағы қосымша білім беру ұйымдарының, А. Жұбанов атындағы музыка колледжінің, «Медиа про» шығармашылық орталығының концерттік бағдарламасымен, «Алақай» қуыршақ театрының «Жадыра, жайна, достар!» қойылымымен сағат 20.00-ге дейін жалғасты.

Сондай-ақ, 1 маусым күні облыс орталығында 15 – Ақтөбе арбаты (орталық стадион), Авиатор стадионы, қалалық мәдениет үйі, шығармашылық академиясы, Пушкин атындағы, Ретро саябақтары, Абай гүлзары, Ғашықтар аллеясы (нан комбинаты ауданы), Д. Қонаев атындағы №60 (Есет батыр тұрғындар алабы), №77 (Құршасай ауылы), Қ. Сәтбаев атындағы орта мектептері (Жаңақоныс ауылы), Қурайлы, Нокин, Сазды, Геолог мәдениет үйлерінің алаңдарында сағат 10.00-ден бастап «Мейірім шуағы» атты концерттік бағдарлама, «Спорт – денсаулық кепілі» спорттық-эстафеталық ойындар өткізіліп, мектеп кітапханаларының көмегімен «Балалар кітап әлемінде» библиофреші ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, Ақтөбе қаласындағы эвакуациялық пункттерде орналасқан балаларға да «Балалардың күлкісі – көркі, сәні әлемнің!» мерекелік шарасы өткізілді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий