ЖАРМА АУДАНЫНДА БАЛАЛАРҒА АРНАЛҒАН БОКС АЛАҢЫ АШЫЛАДЫ
Ақтайлақ би атындағы орта мектептің түлектері оқушыларға бокс залын сыйға тартты.
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай 2004 жылғы 30 түлектің қолдауымен Үшбиік ауылдық жастар клубында бокс алаңы ашылады. 6 мен 17 жас аралығындағы жасөспірімдерге арналған бокс залы жастарды салауатты өмір салты мен спортпен шұғылдануға баулу мақсатында құрылған.
Бокс залының ауданы – 100 шаршы метр. Жаттығуға қажетті барлық заттармен жабдықталған: төрт бокс тұлыбы, ринг және жаттығуға арналған құралдар бар. Бокс алаңының ресми ашылуы 9 маусымда өтеді.
Ақтайлақ би атындағы орта мектеп түлектерінің бастамасы ауданның спорттық инфрақұрылымын дамытуға елеулі үлес қосады және балалардың белсенді және салауатты өмір салтына деген ұмтылысын қолдайды.
Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі
Загрузка...
