25 мамыр мен 1 маусым аралығында В.И.Пацаев атындағы Жас ұшқыштар мектебінің курсанттары В.И.Гагариннің туғанына 90 жыл толуына арналған Байқоңыр қаласындағы В.Н.Челомей атындағы Халықаралық ғарыш мектебінде ұйымдастырылған халықаралық конференцияға қатысып, аэроғарыштық білім беру жобалары бойынша курсанттарымыз баяндама жасады
В.И.Пацаев атындағы Жас ұшқыштар мектебінің курсанттары Байқоңыр ғарышкерлер мұражайында болып, Байқоңыр қаласының Ұлы Жібек жолы «Қорқыт-Ата» тарихи-мемориалдық орындарына экскурсия жасады. «Союз-2.1а» зымыран тасығышын құрастыру-сынау кешенінен шығару және ұшыру жүйесіне орнатуды бақылады.
Сонымен қатар, курсанттар.В.И.Пацаев атындағы Жас ұшқыштар мектебінің курсанттары қаза тапқан зымыран ғалымдарының ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, «Гагарин ұшыру» кешенінде, «Буран» орбиталық ғарыш аппаратында болып, «Буран» ғарыш кемесі автоматты түрде қонған «Юбилейный» аэродромында және ғарышқа ұшар алдында баспасөз мәслихаты залында болдық, негізгі және қосалқы экипаждың «Космос» қонақүйінен қай жерде шыққанын және экипаждардың автобусқа мінген жерін тамашалап келді.
«Прогресс МС-27» көліктік жүк кемесімен «Союз-2.1а» зымыранын ұшқан кезіне куә болып, жұлдызды аспан мен планеталарды астрономиялық бақылауға қатысты. Конференция соңында В.И.Пацаев атындағы Жас ұшқыштар мектебінің курсанттарына сертификаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді.
Загрузка...


