АБАЙ ОБЛЫСЫ «JULDYZAI-24» XIX РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЛАЛАР ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫ ФЕСТИВАЛІНДЕ ЖҮЛДЕЛІ ОРЫНҒА ИЕ БОЛДЫ

Абай облысының арнайы білім беру ұйымдарының өнерлі оқушылары облысымыздың намысын қорғап «JULDYZAI-24» XIX Республикалық балалар шығармашылығы фестивалінде жүлделі орындарға ие болды.

Республикалық турнирде жеңімпаз атанған 29 бала Гала концертте өнер көрсетті

1-орын алған  “Непоседы”  вокалдық тобы мен “Сұлу саз” фольклорлық ансамблі халық даусына ұсынылды. Нәтижесінде еліміз бойынша Абай облысы жүлделі  үшінші орын иеленді.

Бұған дейін өткен республикалық турнирде Вокал номинациясы бойынша №3 арнайы мектеп-интернатының «Непоседы» вокалдық тобы «Танцуй со мной» әнімен және Аспаптық орындау – ұжым номинациясы бойынша «Балбырауын» күйімен  «Сұлу саз» фольклорлық ансамблі жүлделі І орындарға ие болды.

Вокал-соло номинациясы бойынша «Уақыт» әнімен №3 арнайы мектеп – интернаты оқушысы Даулет Сымағұлұлы ІІІ орын алса, Хореография – ұжым номинациясы бойынша Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығы хореографиялық дуэті «Пеппи длинный чулок» биімен ІІ орын және №4 арнайы мектеп-интернатының «Аққу» студиясы «Қара жорға» биімен ІІІ орын қанжығалады. Аспаптық орындау – соло номинациясы бойынша «Япурай» халық әнімен №3 арнайы мектеп-интернаты оқушысы Кәусар Тілекқызы ІІ орын иеленді.

Жеңімпаздар Астана қаласында 1 маусымда қазақстандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен үлкен сахнада Гала-концертке қатысып, «Хабар» телеарнасы мен «JULDYZAI» қорының YouTube әлеуметтік желісіндегі парақшасында көрсетілді.

Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий