Түлектер туған ауылына көпір сыйлады

Атырау облысы, Қызылқоға ауданындағы Мұқыр елді-мекені түлектері туған ауылдарына жаяу жүргіншілерге арналған жаңа көпір сыйға тартты.

Мұқыр мектебін 2004 жылы бітірген түлектер 6-шы ауыл тұрғындарының қажеттіліктерін ескере отырып, жаңа көпір салуды ұйғарған.

– Мектеп бітіргенімізге 20 жыл толу мерейтойымызда баршамыз жиналып, ауылға көпір салып беруді ұйғардық. Себебі, ауылдың «6-шы ауыл» аталып кеткен көшесінде сай бар. Бұл сай ақпан айы болса қар суы еріп, орталықта орналасқан мектепке баратын ауыл балалары үшін сабаққа барулары шектеледі. Осы мәселенің шешімін табуға тырыстық. Бұл ісіміз ауылым деген әр болашақ ұрпаққа теңіздің тамшысындай болса да үлесін қосса дейміз, – дейді мектеп түлегі Аслан Табынбаев.

Сауапты іске мектеп түлектері ұйымшылдықпен кірісіп, уақытпен санаспай үш айда көпір құрылысын аяқтады. Көпірдің ұзындығы – 18 метр, ені – 1,5 метр.

Орынгүл МАХМУД

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий