«WorldSkills Karaganda 2024» сәтті аяқталды

Жуырда Қарағанды қаласында «WorldSkills Karaganda 2024» IX аймақтық кәсіби шеберлік чемпионатының жеңімпаздарын марапаттау және жабылу салтанаты өтті.

Жарыс 45 құзыреттілік (мамандық) бойынша облыс колледждерінің базасындағы 17 жарыс алаңдарында өтті. Аймақтық чемпионатқа 290 жас шеберлер – 16 мен 22 жас аралығындағы колледж студенттері қатысты. 125 жүлдегер анықталып, оның ішінде 48 студент бірінші орынға, 43 студент екінші орынға, 34 студент үшінші орынға ие болды. Енді бірінші орын иеленген жеңімпаз студенттер Қарағанды облысының атынан «WorldSkills Kazakhstan 2024» Республикалық чемпионатына қатысады.

Шараның жабылу салтанатына құрметті қонақ ретінде «AMANAT» партиясы Қарағанды облыстық филиалының төрағасы Алтынбеков Бекзат Комарұлы, техникалық және кәсіптік білім беру ардагерлері, колледждердің әлеуметтік серіктестері қатысты. Алтынбеков Бекзат Комарұлы, «AMANAT» партиясының облыстық филиалы мен облыстық мәслихаттың депутаттық корпусының атынан «WorldSkills Kazakhstan 2024» Республикалық чемпионатының екі жеңімпазына, техникалық және кәсіптік білім ардагері Зекен Рахимұлы атындағы ақшалай сыйлық берілетінін құттықтап, жариялады.

Жеңімпаздарды марапаттау салтанатының қорытынды бөлімінде «Worldskills Karaganda 2024» өңірлік чемпионатында жоғары нәтижелер көрсеткен колледждерге Алғыс хаттар табысталды. «WorldSkills» чемпионаттары жастарды еліміздің экономикасының өндірістік секторына тартуға, өндірістік және қызмет көрсету кәсіптерін дамытуға үлес қосады.

Осындай Чемпионаттар білікті кадрларды даярлауда жаңа идеялар мен тенденцияларды құрады, кәсіптік-техникалық білім беру сапасын арттыруға мүмкіндік береді және халықаралық деңгейдегі жаңа формация маманын қалыптастырады.

Орынгүл МАХМУД

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий