«Алғыс» төсбелгісімен марапатталды

Мемлекет басшысының Қазақстан халқы Ассамблеясының XXXIII сессиясында айтылған мемлекеттік тілді жан-жақты дамыту жөніндегі тапсырмасын іске асыру; мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, қазақ тілінің мәртебесін көтеру және оны насихаттау, сондай-ақ этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді оқып-үйренуіне жәрдемдесу мақсатында Астана қаласында Қазақстан халқы Ассамблеясының «мемлекеттік тіл – этносаралық қатынас тілі» жобасы шеңберіндегі семинары өтті.

ҚХА Төрағасының орынбасары, ҚР Президенті Әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы Хатшылығының меңгерушісі Әзілханов Марат Алмасұлының ұсынуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының қызметіне және ел бірлігін нығайту мен Қазақстанның рухани құндылықтарын шоғырландыруға бағытталған әлеуметтік, мәдени және ақпараттық жобаларды іске асыруға белсенді қатысқаны үшін Н.Марабаев атындағы №7 мектеп-лицейі мұғалімі Аллаева Рухсора Асалбаевна Қазақстан Республикасының «Алғыс» төсбелгісімен наградталды.

Орынгүл МАХМУД

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий