Мектепке дейінгі ұйымдардың 1000-нан астам педагогі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында алғаш рет мектеп жасына дейінгі балалардың коммуникативтік құзыреттілігін дамытуда арт-педагогикалық технологиялар бойынша біліктілікті арттыру курсы басталды. Курста мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің 1000-нан астам педагогі қамтылады.
Курс бағдарламасы мектеп жасына дейінгі балалармен жұмыс жүргізу барысында арт-педагогиканың әдістері мен тәсілдерін қолдану саласындағы педагогтердің кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру үшін әзірленген.
«Артпедагогика – мектеп жасына дейінгі балалардың сөйлеу және коммуникативті дамуының инновациялық әдістерінің бірі. Балалардың қарым-қатынасының басым аспектісі ойын әрекеті болғандықтан, арт-педагогикалық технологиялар арасында ертегі терапиясы, библиотерапия, музыкалық терапия, ойын терапиясы, би терапиясы, изотерапия өзекті болып отыр. Қазір курста 669 педагог оқып жатыр», – деп атап өтті «Өрлеу» басқарма төрағасы Айдана Шилибекова.
Бағдарлама оқытудың әртүрлі түрлері мен әдістерін, соның ішінде практикалық жұмыс пен талқылауды, кейстерді талдауды, көшпелі практикалық сабақтарды ұйымдастыруды көздейді. Курс бойынша оқу қарашаның соңына дейін жалғасады.
«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының баспасөз қызметі
Загрузка...



