TEACHER OF THE YEAR педагогтарға жаңа есіктер ашады

Астана мен Алматыда мектеп мұғалімдері мен балабақша педагогтары арасында өтетін жыл сайынғы TEACHER OF THE YEAR («Жылдың үздік педагогы») конкурсының қорытындысы шығарылды. NNEF қоғамдық қорының қолдауы аясында ұйымдастырылған конкурстық бағдарламаның үш жылында оған төрт жүзден астам маман қатысты. Енді олар «Мирас» мектептері мен бөбекжай-бақшалары кадрлық резервтің негізін құрайды. Педагогтар  Bilimdinews.kz-пен  TEACHER OF THE YEAR туралы алған әсерлерімен бөлісті

Конкурсқа қатысу педагогикалық тұрғыдан өсуге жол ашады. Жеңіске жету немесе тіпті оған қатысу тек құрмет пен мойындауды ғана емес, сонымен қатар жаңа білім, тәжірибе мен мансаптық даму мүмкіндіктерін де сыйлайды деп есептейді астаналық «Мирас» бөбекжай-бақшасының директоры Бақыт Кәрімова.

 

«Конкурс педагогтарды өзін-өзі жетілдіруге ынталандырады, педагогикалық әдістер мен тәсілдерді жаңартуға, оқыту сапасын жақсартуға ықпал етеді, білім беру үдерісіне жаңа идеялар мен тәсілдерді қолдануға шабыттандырады», – дейді Бақыт Кәрімова.

«Мирас» бөбекжай-бақшасының әдіскері және конкурстың қазылар алқасының мүшесі Марина Үмбеталиева конкурсқа қатысушылардың кәсіби деңгейінің жыл өткен сайын өсіп келе жатқанын атап көрсетеді.   

 

«Осы конкурстың қазылар алқасы мүшесі ретінде мен педагогтердің өзіндік қайталанбас, әрі шабыт сыйлайтын жұмыстарын көруге мүмкіндік алдым. Әр қатысушы жоғары кәсібилік шеберлік танытып қана қоймай, оқушыларының қажеттіліктерін терең түсінетінін көрсетті. Педагогтардың білім беру үдерісін қызықты әрі тиімді ету үшін инновациялық әдістер мен технологияларды қалай қолданатынын көру әсерлі болды», – дейді Марина Үмбеталиева.

Биылғы конкурстың қазылар алқасы сегіз жеңімпазды анықтады, олардың төртеуі – балабақша педагогтары.

  

«NNEF Қоғамдық қоры ұйымдастырған конкурста жеңіске жетуімді өз  жұмысымды мойындату деп есептеймін. Бұл мен үшін үлкен абырой және мәртебе,  бұл менің жеке еңбегімнің ғана емес, бүкіл ұжымның, ата – аналардың және, әрине, ең маңыздысы – балаларымыздың күш-жігерінің нәтижесі. Бұл бірлесе жеткен жеңіс болды, – деді биылғы TEACHER of the YEAR жеңімпаздарының бірі, «Мирас» бөбекжай-бақшасының педагог-психологы Ләззат Боранбаева.

Аталған байқауға 2021-2022, 2022-2023 оқу жылдарында қатысып, байқау финалисі атанған «NNEF» Қоғамдық қорының Атырау қаласындағы филиалы «Мирас» бөбекжай-бақшасының әдіскері Тойған Жарбосынова да өз әсерімен бөлісті.

 

«TEACHER OF THE YEAR» байқауына қатысу мен үшін кәсіби өмірімде нағыз бетбұрыс болды. Бұл байқау мені педагог ретінде өзін-өзі жетілдіруге және дамытуға, сонымен қатар өзімнің күшті және жетілдіретін тұстарымды көруге және бағалауға мүмкіндік берді. Өзімді кәсіби тұрғыдан бағалау мен жетілдіруге ынталандырды. Бұл мені жаңа белестерге жетелейтін және кәсіби құзыреттілігімді арттыруға нағыз шабыттандырған тәжірибе болды. Педагогикалық технологиялар мен инновациялар туралы білімімді  кеңейттім. Байқауға қатысу мен үшін жай ғана жетістік емес, педагогика саласындағы одан әрі кәсіби өсу мен дамуға түрткі болды», – дейді Тойған Жарбосынова.

Педагогтар конкурстың жеке тұлғалық дамуға да әсерін атап өтеді. «Арыстан» мамандандырылған лицейінің тарих пәнінің мұғалімі Ләззат Данебаева жеңіске жету үшін педагогке тек кәсіби шеберлікті ғана емес, өзіне деген сенімділікті де дамыту маңызды екенін айтады.

 

«Өткен жылғы конкурсқа қатысу маған өзіме деген сенімділік, стресстік жағдайларда жұмыс істей білу және сын-тегеуріндерді қабылдау сияқты жеке қасиеттерді дамытуға көмектесті. Бұл маған жаңа жетістіктерге ұмтылуға және өзіме өршіл мақсаттар қоюға қосымша мотивация берді. Жалпы, конкурс мен үшін кәсіби мансабымдағы маңызды кезең болды және жаңа мүмкіндіктер ашып, жеке өсуіме ықпал етті», – деп түйіндеді Ләззат Данебаева.

Конкурстық бағдарламаның үш жылында жүзден астам педагог мәреге жетіп, жиырма төрт қатысушы жеңімпаз деп танылды. Жыл сайын үздік педагогтарға 500 мың теңгеден ақшалай сыйлықтар беріледі. Әр жылдардағы TEACHER OF THE YEAR қатысушылары конкурс педагогтардың  кәсіби шеберлік туралы түсінігін өзгертіп қана қоймай, жаңа мүмкіндіктерге жол ашатынын айтады.

 

«Конкурсқа дайындық және қатысу процесінде мен ұйымдастырушылық дағдыларымды едәуір жақсарттым. Жобалар мен конкурстық тапсырмалар жұмысты мұқият жоспарлауды, үйлестіруді және ресурстарды басқаруды қажет етті. Мен бұл дағдыларды іс-тәжірибеде сәтті қолдандым, бұл маған Model United Nations және Service as Action  бағыттарымен  байланысты  мектептегі студенттік кеңестің жұмысын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік берді. Біздің бұл салаларда жеткен айтарлықтай жетістіктеріміз оқушылардың мектептегі өмірі мен белсенділігіне оң әсерін тигізді», – деді Humanities және Дүниежүзілік тарих пәнінің мұғалімі Ермұрат Төлебаев.

Конкурста жеңіске жету көбінесе педагогтарды өз кәсібі бойынша әрі қарай дамуға шабыттандырады. Көбісі беделді халықаралық конкурстар мен бағдарламаларға қатысуға өтініш береді.

«Конкурста жеңіске жетуім мені әрі қарай кәсіби тұрғыдан дамуға ынталандырды. Бұл тәжірибе өзіме сенімділігімді арттырып,  жаңа жетістіктерге шабыттандырды. Мен оқуымды жалғастырып, өзімді одан әрі дамыту шешімін қабылдадым, соның нәтижесінде   iPGCE в University of East London және TES institution сертификатын алдым. Осы сертификаттар мен онымен алынған біліктілік кәсіби құзыреттерімді растап, педагогикалық қызметімде жаңа көкжиектерге жол ашты», – деп атап көрсетті Ермұрат Төлебаев.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий