Қарқынды даму мен жаңашылдық

Білім саласында күнделікті болып жатқан жаңалықтар мен жаңашылдықтар аз емес. Соның бірегейі ретінде «Алматы кітап» баспасы ұсынып отырған заманауи кітапхана «TOPIQ – цифрлық оқулықтар» платформасының білім беру үрдісіндегі айрықша орнын тілге тиек етпекпін.

«Алматы кітап» баспасы қызметкерлері қаламыздың ұстаздары мен кітапханашыларына TOPIQ цифрлық оқулықтарын пайдалану, қолдану жолдарын түсіндіру мақсатында семинар өткізіп, мектебімізге келіп, цифрлық оқулықпен жұмыс істеу жолдарын түсіндіріп, көмек көрсете білді.

Платформаны қолданудың оқушы мен мұғалімге тиімділігін, жеңілдігін, жаңашылдығы мен пайдасын түсіне отырып, 3-сыныптың математика пәнінен «TOPIQ – цифрлық оқулықтар» платформасында «Бекіту» тақырыбында сабақ өткіздім. Сабақ барысында оқушылар бұл жаңалықты жылдам меңгеріп, белсенділік танытты.

Цифрлық оқулықтың ерекшелігі мен тиімділігі – оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырып, жылдамдыққа, тапқырлыққа дағдыландыра отырып, ойлау қабілетін дамытады. Сабақ өту барысында қосымша материалдар мен көрнекіліктерді осы цифрлық оқулықтардан пайдалана аламыз. «Алматы кітап» баспасы цифрлық кітапхананы өзге елге мойындату емес, өз еліміздің өскелең ұрпақтары мен ұстаздарға арнап, жасап шыққан мақтанышы деп білемін.

Сабақ беру мақсатым – басқа аудан, қала ұстаздарына платформаның мүмкіндіктерін көрсете отырып, TOPIQ платформасы цифрлық оқулықпен жұмыс жасаудың білім беруде тиімді екенін айтқым келеді.

Орынбаева Зауре Кенбаевна,
№75 мектеп-гимназияның бастауыш сынып мұғалімі,
Шымкент қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий