Музыкалық ырғақты қозғалыс баланы дамытады

Қазіргі заман талабынан туындайтын басты мәселелердің бірі  — жас ұрпақты жаңа қоғам мүддесіне лайықты жан-жақты дамыған, парасатты, дені сау азамат ретінде қалыптастыру, сұлулықты, әсем көріністерді түсініп, жақсы мен жаманды ажырата білуге тәрбиелеу. Осы орайда қазақтың салт—дәстүрлерін, әдет-ғұрпын, әдеби, мәдени бай қазынасын баланың зердесіне құйып, эстетикалық талғамы жоғары азамат тәрбиелеу баршаның міндеті.

Музыка ұйымдастырылған  іс-әрететінде  ырғақты  қозғалыстармен  байланыстырып, оның идеяларын, ұғымдарын, әдіс-тәсілдерін эстетикалық тәрбиеге пайдаланбайынша, белгілі  бір  мақсатқа жету мүмкін емес. Баланың  сымбатына,  рухани әлеміне мақсатты түрде әсер ету үшін, оларға алдымен музыкалық ырғақты қозғалыс жасай  білуді үйреткен жөн. Бүгінгі ақпараттық ғасыр үлкен шығармашылықты, ізденісті,  білімді талап   етеді.

Соның ішінде музыка мен қозғалыс,  еркіндік  пен шығармашылық  ойлауды қалыптастырады. Қуаныш пен шаттық сыйлау арқылы балаларда эмоционалдық әсер пайда болады. Музыка мен қозғалыс арқылы балаларда тек қана көркемдік талғам мен шығармашылық қиял  ғана  емес,  өмірге, адамға, табиғатқа деген махаббат дамиды, ішкі жан  дүниесі қалыптасады. Адамның өмірлік күш  –  қуатын және жеке тұлғалық сезімін қайта қалпына келтіреді.

Шығармашылық дамуды үлкен дәрежеде дамытатын музыкалық  іс-әрекеттің түрі – музыкалық ырғақты қозғалыс. Балабақшадағы бөбектердің шығармашылық қабілеттерін дамытуда музыкалық – ырғақты  қозғалысына деген  қажеттілік  туындайды.  Балаларға образға ену үшін алдымен  тек пантомимо  емес, сонымен қатар қозғалыс тілі және мимика қолданылады. Содан соң жүру, жүгіру, секіру секілді би қозғалыстары техникасын меңгереді. Музыкалық ырғақты қозғалыстарда тілдесуге баса көңіл аударылады, сондай-ақ кеңістікте орнығу мен импровизация маңызды.

Бекзат Қойшибаевна ЖУСУПБЕКОВА,
№24 “Күншуақ” бөбекжайының музыка
жетекшісі, Батыс Қазақстан облысы, Орал қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий