Балалардың  жазғы демалысын ұтымды ұйымдастырудың маңызы

Қосымша білім беру мекемелері – қосымша білім берумен қатар, тағылымды тәлім-тәрбие түрлерін ұйымдастыратын шығармашылық орта. Балалардың  жазғы демалысы  – бұл тек әлеуметтік қорғау емес, бұл заманауи өмірді ескере отырып жас адамның әлеументтенуі үшін жағдай жасау, шығармашылықты дамыту, баланың танымдық және рухани әлемін байыту аясы.

 

Біздің балалар өнер мектебінде  балалардың жазғы демалу уақытын дұрыс ұйымдастыру үшін «Шығармашылық жаз» атты  демалыс лагерінің бағдарламасы жасалынып, жұмыс жоспары бекітілді. Сонымен қатар оқушылардың демалу орындары, бөлмелер қолжетімді қажетті құралдармен жабдықталып, жазғы мектеп жұмысы жандандырылды. Бағдарлама балалардың маусымдық демалысын қамтамасыз етеді, үлкендер мен балалардың ынтымақтастығына жағдай жасайды, балалардың бойында патриоттық сезім қалыптастыруға, балалар мен жасөспірімдерді ұлттық мәдениетке тәрбиелеуге, өздігінен өмір сүру дағдылары мен икемдерін игеруге, шығармашылық қабілеттерін дамытуға ықпал етеді.

Ұйымдастырылған демалыс бір уақытта демалу, сауықтыру, танымдық қабілеттерін дамыту қызметін атқарады. Лагерьдің негізгі құрамы — ол мектеп оқушылары. «Шығармашылық жаз» демалыс лагерінің жұмыс жасау тәртібі: күнделікті іс-шаралар жоспарының кестесі бойынша сағат 9:30-дан 12:30-ға дейін жүргңзңледі. Осы бағдарламаны іске асыру барысында күтілуде: оқушыларды жалпы жетілдіру, денсаулықтарын нығайту; балалар мен жасөспірімдердің физикалық және психологиялық күшін нығайту, көшбасшылық және ұйымдастырушылық қабілеттерін дамыту, жаңа білімдерді меңгеру, шығармашылық қабілеттерін, балалардың дербестігі мен бастамашылдығын дамыту.

 

Қатысушылардың жеке және ұжымдық шығармашылық және еңбек әрекетінің, қоғамдық белсенділік дағдыларының өзгеруін алу; қарым-қатынас дағдыларын және толеранттылықты дамыту; балаларды әлеуметтік маңызы бар іс-әрекеттерге тарту арқылы олардың шығармашылық белсенділігін арттыру; үйірмелердегі сабақ (ән үйрену, ойын, шеберлік сыныптары) нәтижесінде жаңа білім мен дағдыларды меңгеру; балалардың ой-өрісін кеңейту; оқушылардың жалпы мәдениетін арттыру, олардың бойына әлеуметтік-адамгершілік нормаларды сіңіру және лагерь қатысушылардың жеке өсуі.

Бахыт Койшыбаевна ЖУСУПБЕКОВА,
Балалар өнер мектебі директорының
тәрбие ісі бойынша орынбасары,
Ұлытау облысы, Жезқазған қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий