Колледждер базасында оқушыларға арналған кәсіптік бағдарлау лагерьлері жұмыс істейді

Осы жазда үш колледж базасында кәсіптік бағдарлау лагерьлері ашылды. Бұл лагерьлер балаларға демалумен қатар түрлі салада өздерінің кәсіби дағдылары мен қызығушылықтарын дамытуға бірегей мүмкіндік береді. Жаз маусымында 400-ге жуық баланы қамту жоспарланған.

Геологиялық барлау колледжі базасында «Жас геолог» кәсіптік бағдар беру лагері ашылды. Оның мақсаты – геология ғылымдарына баса назар аудара отырып, балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, жастарды геология саласына тарту және танымдық қызығушылықтарын дамыту. Жобаның бірегейлігі – ғылыми зерттеулер мен туристік маршруттар арқылы жердің құрылымын зерттеу.

Лагерьге қабылдау оқу жылының екінші семестрінен бастап жүзеге асырылады, сабақтар үш кезеңде өткізіледі. «Қарауыл төбесі» оқу полигонына 10-12 күнге шығумен аяқталады. Қорытындысы бойынша Бурабайда немесе Щучинск қаласында өткізілетін геология бойынша республикалық, халықаралық жарыстарға қатысу үшін команда іріктеледі. Қазіргі уақытта сабаққа 8–9-сынып оқушыларынан 15 оқушы қатысып жүр.

Лагерь бағдарламасы аясында минералогиялық мұражайға экскурсия, тау жыныстарының, минералдар мен қазбалардың үлгілері ұсынылған кәсіби шеберлік сыныптары, спорттық және шығармашылық алаңдарда конкурстар, викториналар өткізу, тәжірибелі оқытушылардың кәсіби психологиялық-педагогикалық сүйемелдеуі жоспарланған. Колледж Қазақстан Республикасындағы «Жас геолог» қозғалысының бір бөлігі ретінде жұмыс істейді.

Электротехникалық колледж базасындағы «ІТ-лагерь» кәсіптік бағдар беру жазғы лагері ұйымдастырылған. Мақсаты – оқушылардың жұмысшы мамандықтарына және өндірістік процестерге деген қызығушылығын дамыту. Жобаның ерекшелігі – оқушыларды хакатондарға, стартаптар байқауларына және IT-бағыттағы жарыстарға қатысуға дайындау. Бейіндік лагерінде балалар робототехника мен дрондарды басқару негіздерін үйренеді.

Сегіз жастан 14 жасқа дейінгі он білімгер қатысуда. Оқушылар робототехниканы оқиды, роботты салудан бастап оны бағдарламалауға дейінгі барлық кезеңдерден өтеді. Сондай-ақ, бағдарламада дрондармен жұмыс бар. Яғни, құрастыру, бағдарламалау және басқару. Практикалық сабақтарды арнайы белгіленген жерлерде, тордың артында, толық қауіпсіздікте өткізеді.

Сондай-ақ, Бизнес және сервис колледжінде жылда «Profi Camp» жазғы демалыс лагері жұмыс істейді. Лагерь 8 жастан 14 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдерге арналған. Белсенді демалысты, сауықтыруды және ерте кәсіптік бағдарлауды біріктіретін бірегей бағдарлама ұсынылған. Бағдарламада бес негізгі бағыт бар: «Жас аспаз», «Тәтті өмір», «Өз-өзіне стилист», «Сән және дизайн ханшайымы», «Біз туристпіз». Бұл бағыттар балалардың интеллектуалды және шығармашылық әлеуетін ашуға, сондай-ақ құнды білім мен дағдыларды игеруге мүмкіндік береді.

Лагерь бағдарламасы кондитерлік, аспаздық, тігіншілік, дизайн, шаштараз зертханаларында кәсіби шеберлік сабақтарын (этика сабағы, жылдам жасалатын тағамдарды дайындау, салқын батик, қағаз-пластик, лоскуттық фантазия, голливудтық әдіспен шаш бұйралау және тағы басқа), спорттық және шығармашылық алаңдардағы квесттер, байқаулар, рөлдік ойындар, викториналар (Достық күні, Спорт күні, Отбасы күні, Кітап күні және сол сияқты), күнделікті саяхаттар мен жорықтарға арналған. «Profi Camp» жазғы демалыс лагері үш маусым бойы оқушыларға үш мезгіл тамақпен қамтамасыз ету де ұйымдастырған.

Алғашқы маусымда бағдарлама бойынша балалар үстелде кәсіби қызмет көрсетумен танысты, өздері үшін спирограф құрастырды, биологиялық орталыққа барды, ойын-сауық тренингтеріне қатысты. Сондай-ақ, кәсіби шебер-сыныптарда оқушылар этикет пен қонақтарды қабылдау негіздерін үйренді, төтенше жағдайлар кезіндегі қауіпсіз мінез-құлық, тамақ қауіпсіздігі және жол қозғалысы ережелерінің негіздерімен ойын түрінде танысты.

Кәсіптік бағдарлау лагерьлерін ұйымдастыру мектеп оқушыларының кәсіби дағдыларын қалыптастыруға және оларды әртүрлі салалардағы болашақ мамандықтарға дайындауға бағытталған. Лагерьлердің әрқайсысының бағдарламасы нақты құзыреттерді дамытып қана қоймайды, сонымен қатар балаларға практикалық білім мен тәжірибе алуға көмектеседі, бұл олардың кәсіби қалыптасуындағы маңызды қадам болады. Бұл лагерьлердің жұмысы тек балаларға демалыс өткізуге мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен бірге олардың болашақ мамандықтарын таңдауына бағытталған маңызды қадам болып табылады.

Кәсіби бағдарлау лагерьлерін ұйымдастыру мектеп оқушыларының кәсіби дағдыларын қалыптастыруға және оларды әртүрлі салалардағы болашақ мамандықтарға дайындауға бағытталған. Лагерьлердің әрқайсысының бағдарламасы нақты құзыреттерді дамытып, балаларға практикалық білім мен тәжірибе алуға көмектеседі, бұл олардың кәсіби қалыптасуындағы маңызды қадам. Бұл бағдарлама арқылы балалар өздерінің қызығушылықтарын анықтап, оларды дамытудың әртүрлі жолдарын үйренеді.

Мысалы, «Жас геолог» лагері тек геология негіздерін ғана емес, сонымен қатар жердің құрылымын, минералдар мен қазбаларды зерттеу арқылы балалардың ғылыми қызығушылықтарын оятады. Ал, «ІТ-лагерь» балаларға жаңа технологиялармен жұмыс істеу дағдыларын дамытса, «Profi Camp» балалардың шығармашылық және қолөнер қабілеттерін жетілдіруге бағытталған. Сонымен қатар, бұл бағдарламалар балаларға жаңа достар табуға, командада жұмыс істеу дағдыларын үйренуге және өздерін әртүрлі салада сынап көруге мүмкіндік береді.

Осылайша, біздің аймақтағы колледждер базасында ұйымдастырылған кәсіптік бағдарлау лагерьлері балалардың болашақта өз мамандықтарын саналы түрде таңдауына, өз қабілеттерін ашып, дамытып, еліміздің болашағына үлес қосатын мамандар болып қалыптасуына септігін тигізеді.

Салтанат ЗАМАНБЕКОВА,
Абай облысы білім басқармасының баспасөз хатшысы, Семей қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий