Ричард Брэнсон, Брайан Трейси жəне Димаш Құдайберген New Vision бизнес-форумында сөз сөйледі

Алматыда 10 мыңнан астам қатысушыны, соның ішінде жетекші əлемдік жəне қазақстандық бизнес көшбасшылар, саясаткерлер мен ғылыми қауымдастық өкілдерін жинаған New Vision бизнес-форумы сəтті өтті. Форум инновациялар, жасанды интеллект пен компанияларға тез өзгеретін нарықта бəсекеге қабілетті болып қалуға көмектесетін стратегияларды талқылауға арналған негізгі алаңға айналды.

Форумның ресми ашылу салтанатында Алматы қаласының əкімі Ерболат Досаев пен Kusto Group негізін қалаушы, YPO Kazakhstan төрағасы Қанат Көпбаев сөз сөйледі.

Алматы əкімі Ерболат Досаев форумды ұйымдастырушыларға осындай айтулы шараны өткізгені үшін алғысын білдіріп, Алматыға мемлекеттік кірістердің 25%-ы келетінін айтып, оның Қазақстанның ірі қаржы жəне мəдени орталықтарының бірі ретіндегі маңызын атап өтті. Ол өз сөзінде былай деді:

«Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкімет пен жергілікті атқарушы органдардың басты міндеті елде барынша жайлы инвестициялық климатты қамтамасыз ету екенін бірнеше рет айтқан. Мен үшін, қала əкімі ретінде, инвестициялық бизнес-климатты, дұрыс ортаны қалыптастыру басты орында тұр. Бүгінгі таңда қаланың инвестициялық тартымдылығын барлық шетелдік инвестицияның 35%-ы Алматыға бағытталуымен атап өтуге болады. Былтыр қаламызға миллиард долларға жуық тікелей шетелдік инвестиция тартылды. Жеке инвестиция көлемі 35%-дан асты. Қала экономикасының негізін шағын жəне орта бизнес құрайды. Қазақстанның ЖІӨ-нің 28%-ы ШОБ-тен келеді. Бұл көрсеткіш бойынша Қазақстан Орта Азиядағы көшбасшылардың бірі. Сондықтан New Vision форумы бұрынғыдан да дер кезінде өтіп жатыр, дəл қазір Қазақстанға, Алматыға бизнес тарапынан қызығушылық артып келеді. Осындай ауқымды шараны өткізу біздің талпынысымыздыі көрсетіп, еліміздің өркендеуіне үлес қосады».

Қанат Көпбаев форумға 10 мыңға жуық адам тіркелгенін атап өтті. New Vision форумының тақырыбы жасанды интеллект, трансформация жəне əлемдегі өзгерістерді қамтиды. Шақырылған жаһандық спикерлер əртүрлі саланы қамтитын 50 панельдік сессияда өз тəжірибелерін бөлісті. Форумның негізгі тақырыптары жаһандық мегатрендтер, жасанды интеллект дəуіріндегі бизнес пен нарықтар, сондай-ақ өзгерістер дəуіріндегі көшбасшылық болды.

Форумдағы маңызды баяндамалардың бірі Virgin Group негізін қалаушы РичардБрэнсонның қатысуымен өткен виртуалды сессия болды. Жеке қатыса алмағанына қарамастан, Брэнсон көрермендерді өмір жолы жайлы əңгімесімен жəне болашаққа деген көзқарасымен шабыттандырды. Nobel Fest жəне New Vision форумының негізін қалаушы жəне бас атқарушы директоры Мақсат Құрбенов модераторлық еткен сессия барысында Брэнсон тіпті жасанды интеллект дəуірінде де адамдардың бизнесті табысты дамытудағы маңызын баса айтты.

«ЖИ дəуірі ме, жоқ па, бизнесті кеңейтудің кілті — адамдар тобы. Сіздің бизнесіңізге сенетін адамдарды табыңыз, оларға сенім артыңыз да, жақсы нəрселер жасауға еркіндік беріңіз», – деді Брэнсон.

Биыл форумда қазақстандық біртуарі əнші Димаш Құдайберген өнер көрсетіп, ең танымал хиттер мен жаңа əндерден тұратын арнайы бағдарламасын ұсынды. Қазақстанның мəдени өрлеуіне арналған панель кезінде Құдайберген шығармашылық жоспарларын бөлісіп, былай деп атап өтті:

«Алдағы жылдары үлкен жобаларды жүзеге асыруды жоспарлап жүрмін. Қазақстандағы біздің жас өнерпаздарды əлемдік агенттер мен менеджерлермен таныстырып, оларға қолдау көрсетіп, реті келсе, халықаралық аренаға жол көрсеткім келеді. Халқыма пайда əкелуден басқа арманым жоқ»

Бұл форум Қазақстанның инновациялар мен тұрақты іскерлік практика саласында көшбасшы атану қабілетін, сондай-ақ оның халықаралық бизнес аренадағы стратегиялық маңызын айшықтайды.

Жобаның бастамашылары – Nobel Fest білім беру платформасы жəне Young Presidents Organization Kazakhstan (YPO) кəсіпкерлер қауымдастығы. Форум ресми серіктестердің: Freedom Broker, Kusto Group, Allur Auto, BI Group, Atasu Group, сондай-ақ медиа серіктестердің: Kinopark, Tiger Films, MYD, CITIX жəне Forbes.kz қолдауымен өтеді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий