КӘСІПОДАҚТЫҢ АҚТӨБЕЛІК ЖАСТАРЫ БУРАБАЙДА БОЛДЫ

Арқа мен Алатаудың арасындағы алып аймақта әсем табиғаттың бар жауһары жасырынған. Солардың бірі – Бурабай.

Бурабай – Қазақстанда ғана емес ТМД елдеріне танымал мекен. Бурабай табиғаты көз тартар сұлулығымен, ауасының тазалығымен тартымды. Қазақстанның бірінен-бірі әдемілігімен асып түсер кең жерлері баршылық. Әрқайсысы өзіндік ерекшелігімен көзге түседі.

Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлерінің кәсіподағы педагогтердің мүддесін қорғап қана қоймай, қызметкерлердің денсаулығын нығайтуға да көп көңіл бөліп келеді. Бұл ретте бала бағбаны атанған ұстаздар мен білім саласының мамандарының әлеуметтік мәселелерін шешу күн тәртібінен түспейді. Жазғы демалыс кезінде аудандық және бастауыш кәсіподақ ұйымдарының жас мамандарына Ақтөбе облыстық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағы ұйымы тарапынан да дәстүрлі қолдау көрсетіліп отыр. Бұл жолы да аталған ұйым жас мамандардың бос уақытының пайдалы, әрі көңілді өтуіне ерекше назар аударды. Жазғы демалыс кезінде білім саласының жас мамандары Бурабай өңіріне тарихи-танымдық саяхатқа барып қайтты.

Естеріңізде болса, оқу жылының қорытындысына орай салалық кәсіподақ білім беру жүйесіндегі нәтижелі еңбегі мен сапалы білім беруде жоғары жетістіктерге қол жеткізіп жүрген жиырмаға жуық үздік жас маманға Бурабай өңіріне тегін жолдама тарту еткен болатын. Олардың қатарында білім саласында қызмет ететін кәсіптік техникалық білім беру ұйымдарының оқытушылары, аудандық білім бөлімінің әдіскерлері мен мектеп мұғалімдері, директордың оқу ісі жөніндегі және тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары да бар. Саяхатқа аттанған жастар қаланың көрікті жерлері мен киелі орындарын аралады.

Көкше жеріндегі Бурабайдың тау-тасы да, көлі де, жазық даласы да, тамаша табиғаттың қойнауында бұғып жатқан ертегілер мен аңыздарға толы, қайталанбас табиғатын және ең таза ауасын бағалай білді. Көгілдір шығанақтың таңғажайып көрінісі болып ашылатын Бөлектау тауына экскурсиядан эмоциялар мен әсерлері қалды.

Тағылымға толы саяхат баясында ақтөбелік жастар Бөлектау, Жұмбақтас, Оқжетпес тауларын, Ботай қорымын аралап, Иманай өзеніне, Шабақты көліне, Кенесары ханның үңгіріне барды. Сондай-ақ Бурабайдың төңірегінде үш жүздің басын қосқан Абылай хан алаңын және хан тағын көрді. Абылай хан алаңы – жартастармен қоршалып, орман ішінде орналасқан киелі, тарихи орын болып саналады. Абылайханның ежелден сақталып қалған киелі тағын айналып, тілектерін айтты.

Айта кетейік, туристік сапар аясында саяхатшыларға білікті гид маман жол көрсетіп, әрбір кешеннің тарихымен таныстырды. Үш күнге созылған тарихи-танымдық саяхат барысында жастар үшін тимбилдингтер, квест және түрлі ойындар өткізілді.

Сапар соңында жастар ыстық ықыластарын білдіріп, бұдан кейін де игі шараның тұрақты түрде жалғасатынына сенім білдірді.

Ақтөбе облыстық білім және ғылым  қызметкерлері кәсіподағы йымының баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий