Елдос Сафуллин – БҚО білім басқармасының жаңа басшысы

Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының бастығы қызметіне Елдос САФУЛЛИН тағайындалды. Елдос Набиоллаұлы — 1981 жылы Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданы, Егіндікөл ауылында дүниеге келген. 1998 жылы Егіндікөл орта мектебін үздік бітірген. Мектеп қабырғасында үлгерімі жоғары болып, 10-11 сыныптарда математика пәнінен облыстық олимпиада жүлдегері (екінші дәрежелі диплом) атанады.

1998 жылы А.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтына математика және информатика мамандығына оқуға түсіп, 2002 жылы М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін үздік бітірген. Университетті бітіргеннен кейін сол оқу орнында, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан агро-техникалық университетінде 2012 жылға дейін “математика”, “информатика” кафедраларында оқытушы болды. Математиканы оқытуға арналған озық тәжірибелерді аймақтың пән мұғалімдеріне таратумен кеңінен айналысты. 2012-2022 жылдар аралығында «Өрлеу» біліктілікті арттыру институты, директордың оқу-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары, 2022 жылдан осы уақытқа дейін Орал ақпараттық технологиялар колледжінің директоры қызметтерін атқарды.

БҚО білім басқармасының
баспасөз қызметі
, Орал қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий