Ақтөбелік жас зерттеушілер ұлттық өнімді қайта жаңғыртып, табыс тауып отыр
Байғанин ауданы Кемерши ауылы Қ.Жазықов атындағы орта мектеп оқушылары Қазбекова Ақкөркем мен Ермұханбет Еркемай көнеден келе жатқан ұлттық “сарысу” тағамына өз нұсқаларында түрлі жаңартулар енгізу арқылы демалыстарын тиімді өткізіп, табыс тауып жүр.
Ақкөркем мен Еркемай “сарысу” тағамының пайдасын, мүмкіншілігін практикалық түрде қолданып, ұлт мұрасын сақтауға зор үлестерін қосуда. Олар ірімшіктен алынған сарысудан «Сарысу в шоколаде» жасап, дос-жаран, тума-туыстарына ұсынуда. “Біз ауылда өскен соң, ұлттық отандық өнімдерді қолдаймыз. Еліміздің таза әрі пайдалы тағам түрлерін қолданысқа енгізгенін қалаймыз. Ұмытылып бара жатқан ұлттық салт-дәстүрлер, тағамдар өте көп. Сол үшін оларды қайта жаңғыртып, заманға сай етіп шығаруды жөн көрдік ”- дейді жас зерттеушілер.
Загрузка...Жоба жетекшісі Жанылсын Енсегенова зерттеу жұмыстары барысында оқушылар лимон сығындысы мен сарысуды қосу арқылы бетке арналған әжімнен сақтайтын маска, сондай-ақ ыдыстардың ішіндегі қақты кетіретін сұйықтық ойлап тапқандарын айтты. Жас зерттеушілер облыстық ғылыми жобалар байқауында бас жүлде, республикалық байқауда ІІ орын иеленген.