Тағайындау: Сайран Сайфеденов – Алматы қаласы білім басқармасының жаңа басшысы

Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың өкімімен САЙФЕДЕНОВ Сайран білім басқармасының басшысы қызметіне тағайындалды. Сайран Тәпенұлы – 1974 жылғы 19 желтоқсанда дүниеге келген. Абай атындағы Қазақ мемлекеттік педагогикалық университетін (1996 ж.), Алматының Үздіксіз білім беру университетін (2009 ж.), Қазақ Жол қатынастары университетін (2012 ж.) бітірген.

Мамандығы бойынша — заңгер, экономика және бизнес магистрі. Жеке компанияларда, аудандар мен қала әкімдігінде қызмет атқарып, тәжірибе жинақтаған. 2008 жылдан 2009 жылдың желтоқсанына дейін Алматы қаласы әкімі апппаратының ұйымдық-кадрлық және бақылау-инспекторлық бөлімінің бас маманы болған. 2009 жылдың желтоқсанынан 2016 жылдың мамырына дейін Әуезов ауданы әкімінің орынбасары, 2016 жылдың мамырынан 2018 жылдың мамырына дейін Наурызбай ауданының әкімі қызметтерін атқарған.

2018 жылдың мамырынан 2019 жылдың ақпаны аралығында Алматы қаласы Еңбекпен қамту және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары, 2019 жылдың ақпанынан тамызға дейін Алматы қаласы Әлеуметтік әл-ауқат басқармасы басшының орынбасары, кейіннен Әуезов ауданының әкімі лауазымын атқарды. 2023 жылғы мамырдан бастап қазіргі тағайындауға дейін Алматы қаласы мемлекеттік активтер басқармасының басшысы болып жұмыс істеді.

Алматы қаласы білім
басқармасының баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий