Абай облысы: Бір мектепте алма бағы өсіріліп, тәжірибелік жылыжай салынады

Абай атындағы мамандандырылған мектеп-гимназия-интернатында экологиялық және аграрлық бастамалар белсенді жүзеге асырылып келеді. Бірнеше жыл бұрын мұнда алма ағаштары егіле бастады, бүгінге дейін 40 көшет отырғызылды. Болашақта мектеп жанынан алма бағын құру жоспарлануда.

Ол оқушылар үшін оқу алаңына айналмақ. Бұдан басқа мектептің тәжірибелік жаттығу аумағында әртүрлі көкөніс түрлері өсіріледі. Оқушылар сарымсақ, жүгері және асқабақ сияқты дақылдарды өсірумен айналысатын эксперименттік алаңда жұмыс істейді. Бұл оқушыларға агрономия мен биология саласындағы білімдерін тереңдетуге мүмкіндік береді.

Биыл мектеп жаңа заманауи жылыжай салуды жоспарлап отыр. Жылыжайда әртүрлі өсімдіктер өсірілмек. Оқушылар зерттеу жұмыстары мен эксперименттер жүргізе алады. Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін мектеп оқушылары тез тамырландыру жолы арқылы тропикалық өсімдіктер өсіру әдісін ойлап тапқан.

Қазір оқушылар фикус қалемшелерін суда әр түрлі стимуляторлар және табиғи бал арқылы тамырландырып, өсімдік түрлерін көбейтіп отыр. Сондай-ақ жылыжайда өсірілген лимон, мандарин, банан, жүзім жеміс берді.

Абай облысы білім басқармасының
баспасөз қызметі, Семей қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий