Қазақстандық оқушылардың жүлде қоржыны тағы бес халықаралық медальмен толықты

Гонконгте IEO-2024 халықаралық экономика олимпиадасының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау рәсімі аяқталды. Оған әлемнің 53 елінен 250-ден астам оқушы қатысты. Еліміздің намысын қорғаған бес қатысушының барлығы жүлделі атанып, екі күміс және үш қола медаль жеңіп алды:
Айдархан Жұбатқан — Ақтөбе қаласының ФМБ НЗМ 11-сынып оқушысы; Жәңгір Ильжанов —Алматы облысы «Дана» мектебінің 10-сынып оқушысы; Әлия Мұсаева — Алматы қаласы №165 мамандандырылған лицейінің 11-сынып оқушысы; Томирис Ыдырысбаева — Астана қаласының НЗМ 12-сынып оқушысы; Батырхан Мұхтархан, Қарағанды қаласының ХМБ НЗМ 9-сынып оқушысы.
Команда жетекшілері: Нұрсұлтан Нұрмұханов – Назарбаев Университетінің магистрі; Медет Жамбаев – «Дарын» РҒПО-ның педагогикалық шеберлік және психологиялық қызмет бөлімінің әдіскері. Қазақстан командасы өткен жылмен салыстырғанда жалпы командалық есепте 10-нан жоғары сатыға көтеріліп, ең жоғары нәтижелерді көрсетті.
Осылайша, біздің оқушылар әлемдегі ең мықты 10 команда және бизнес-кейс бойынша 7 команда қатарына кірді. Бұл нәтижеге ҚР Оқу-ағарту министрлігінің қолдауымен экономика бойынша олимпиадалық резерв арасында алғаш рет өткізілген іріктеу мен оқу-жаттығу жиындарының арқасында қол жеткізілді.
Анықтама үшін: Салыстыру үшін, өткен жылы біздің құрамамыз жалпыкомандалық есепте 21-орында және бизнес-кейс бойынша 22-орында болған еді. Ол кезде ел құрамасы 1 күміс және 4 қола медаль жеңіп алды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий