Табиғат – тал бесік: Экологиялық мәдениет пен тәрбие мектеп қабырғасынан

Баянауыл ауданы – туристік аумақ болғандықтан жазғы уақытта саяхаттаушылар көп келіп, табиғи және тарихи ескерткіштерді тамашалайды. Әрі таза бұлақтар мен айдын көлдерде шомылып демалатындығын қосайық. Осының кері салдарының бірі – бір рет пайдаланудан қалған қоқыстардың көп жиналуы. Ең өкініштісі жиналған осы қатты тұрмыстық қалдықтар сұрыпталмайды. Қазіргі кезде макулатура қабылдайтын бір орын, металлаломды қабылдайтын екі орын және қатты тұрмыстық қалдықтар тасталатын арнайы полигон бар.

Ол жерде тек үйінді ретінде жатып, тапталады. Яғни табиғатқа кері әсер беріп, экологиялық мәселерді туындауға әкеледі: топырақты, суды, ауаны ластайды. Қоршаған ортаға тигізетін кері әсерің азайту мақсатында металл мен ағаш сынықтарына қоса қағаз бен картон, шыны, пластик бөтелке және тағы басқаларды қайта өңдеу үшін сұрыптау қажет. Негізінде қоқыстың елу пайызы отқа жанатын болса жеке тұрғын үйлердің ауласында өртеп, қалғаны қоқыс тастайтын арнайы орындарға тасымалданады.

Осы маңызды мәселенің оңтайлы реттелуіне үлес қосу бағытында біздің ұстаздар ұжымы мен оқушылар бірлескен түрде игі істі қолға алған еді. Яғни бес жылдан бері «Ecо life» мектебі жүйелі жұмыс жасауда. Басты іс-әрекеттер бағыты: экостарт, экобум, экокласс, экобайланыс, экошеберлер, экологиялық білім, экофорум ұйымдастыру. Басты мақсат: өскелең ұрпаққа экологиялық тәрбие беру арқылы туған жерге перзенттік парызын ояту, өлкеміздің экологиялық жағдайын жақсарту.

Жаңа жоба аясында мектепте «Экологиялық этика» факультативтік сабақтар жүргізіп, «Эко шебер» үйірмелерін үйлестіру және еріктілер тобының мүмкіндіктері де осы бағытта топтастырылған. Алтын ұямыздың ауласында «Түлектер аллеясы» жасалған. Жыл сайын қатты тұрмыстық қалдықтарды сұрыптауда ерекше көзге түскен белсенді оқушылар мен көшбасшы сыныптарға сыйлық ретінде велосипедтер табысталып, туристік саяхат сертификаттарымен марапатталуда.

Ұстаздарының басшылығымен ортақ мақсатқа сәйкес жұмыла жұмыс жасаған шәкірттеріміз осы салаға маманданған кәсіби мекемелермен экобайланыс орнату арқылы жергілікті тұрғындардан жиналған макулатура мен тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеуге өткізу арқылы қаржы табуды тұрақты дәстүрге айналдырған. Сонымен қатар пән мұғалімдері тақырыпқа сай аудандық семинарлар мен мектеп оқушыларының экологиялық форумын ұйымдастырудың негізінде экологиялық білім мен тәрбие беру ісін нақты жолға қоя бастады.

2023-2024 оқу жылында біздің білім ордасы ҚР Экология және табиғи ресурстар министрлігі ұйымдастырған ұлттық байқауда жүлделі бірінші орынды иеленіп, «Экологиялық білім берудің үздік ұйымы» атағын алды. Биылғы жазғы демалыс мезгілінде де әдеттегі үрдіс бойынша Эко – старт, Эко – саяхат акцияларын  ұтымды ұйымдастыру барысында демеушілердің қолдауына сәйкес 600 килограмм қатты тұрмыстық қалдық жинаған оқушы, ата-ана немесе ауыл тұрғынына бірнеше велосипедті тарту етуді ұйғарса, 2000 кг салмақтағы қоқыстың жиналуына үлес қосқан сынып ұжымына сыйлық ретінде саяхатқа баратын жол ақысы төленетіндігін жарияланған еді.

Осы экологиялық акцияда белсенділік танытқан үш оқушы Эко-старт шарттарын орындау арқылы су жаңа велосипедтерді ұтып алды. Олар Манапова Үмітжан, Рамазанова Ботакөз, Серік Аружан. «Eco-life» мектебі» экологиялық білім беруді тәрбиемен ұштастырудың нәтижесінде қатты тұрмыстық қалдықты сұрыптау мен одан пайда табуды жастарға үйрету арқылы жергілікті өңірді қоқыстардан тазарту арқылы тамылжыған тамаша тұмса табиғатты қорғауға, мәдениеттілікті қалыптастыруға қолдан келгенше көмектесіп келеді.

Шәкен Айманов атындағы жалпы
орта білім беретін мектеп – интернат,
Баянауыл ауданы, Павлодар облысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий