Қазақстанда пән мұғалімдеріне арналған онлайн курстар басталды

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы пән мұғалімдеріне арналған базалық деңгейдегі біліктілікті арттыру онлайн курстары елдің барлық өңірлерінде басталды.

Мамандар 11 пән бойынша 19 бағдарлама әзірледі. Барлығы 48 мыңнан астам математика, информатика, физика, химия, биология, география, тарих, жаратылыстану, қазақ, орыс, ағылшын және бастауыш сынып мұғалімдері, сондай-ақ өңірлердің әдіскерлері курстардан өтеді.

Курстар басталған күні 15 мыңға жуық бастауыш сынып мұғалімдері оқуға кіріседі. Олар үшін базалық курстардың өтуін түсіндіру бойынша кіріспе live-сессиялар ұйымдастырылады.

«Курстардың мазмұны PISA (2018, 2022), ҰБТ (2021-2023), ПББ (2022-2024) және ББЖМ (2022-2024) деректерін талдау негізінде әзірленді, ол 1,5 миллионнан астам жазбаны қамтиды. Курс үш сатылы бағалау жүйесінен тұрады. Мұғалімдер диагностикалық тестілеуден және олардың бастапқы құзыреттілік деңгейін анықтау үшін цифрлық платформада әлеуметтік-эмоционалды дағдыларды бағалаудан бастайды. Әр модульден кейін мұғалімдер жетістіктерін өз бетінше бағалау үшін аралық бағалаудан өтеді. Курсты сәтті аяқтау және келесі деңгейге өту үшін қорытынды тестілеу қарастырылған, ол қазан айында күндізгі форматта өтеді. Бұл бүкіл оқу процесін талдауға және оның тиімділігін бағалауға мүмкіндік береді», – деді Оқу-ағарту министрлігі «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Айдана Шилибекова.

«Vector Foundation» қорының қолдауымен педагогтер «Шеберлер сабақтары» айдарында «МЕКТЕП OnLine» цифрлық білім беру ресурстарына қол жеткізе алады. Бұл еліміздің жетекші мұғалімдерінің озық тәжірибесімен танысудың бірегей мүмкіндігі. Базалық деңгейдегі курстар биыл қазанның соңына дейін жалғасады.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, мұндай мақсатты білім беру бағдарламалары жалпы білім сапасына және білім алушының біліміне оң әсер етеді. Мұғалімдерге біліктілікті арттырудың қызықты және пайдалы оқу жүйесінде сәттілік тілейміз! Бұл тәжірибе сізге маңызды жұмысыңызға көмектесетін жаңа білім мен дағдылар әкелсін.

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий