Астана қаласы: “Таза ауа” акциясы ұйымдастырылды

Атмосфераны зиянды газдармен ластайтын автокөліктерді анықтау мақсатында өңірімізде «Таза ауа» атты акция өтуде. Көліктер қазіргі таңда көміртегі тотығымен, азот оксидтерімен, альдегидтермен, көмірсутектермен, соның ішінде түрлі қосылыстарымен ауаны ластаудың маңызды көзі болып табылады.

Ондай көліктерді анықтау мақсатында Астана қаласы бойынша экология департаменті мамандары мен көлікті бақылау қызметкерлері бірлесе отырып, жыл сайынғы «Таза ауа» атты акциясы 2024 жылдын 12-14 тамызында өткізілді. Оның аясында автокөліктердің шығарындыларында ауа қабатын ластаушы заттардың нормативтерден асып кетуін тексерді.

Автокөліктің пайдаланылған газдары арнайы аспаптық өлшеу құралымен іске асты. Акция барысында 13 көліктің уыттылығы мен түтіні тексерілген. Автомобильдер әлем бойынша ауаны қатты ластаушы көздердің бірі болып табылады. Қалыптасқан жағдайды өзгерту мақсатында ұйымдастырылған акцияда қызметкерлер түсіндірме жұмыстарын жүргізілді. Мұндай тексерістерге жүргізушілер де түсіністікпен қарап, алдағы уақытта шараларды қолданатын болмақ.

 

Астана қаласы бойынша экология
департаментінің бапасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий