Республикалық акцияның қамқорлығы

Акцияның мақсаты: жаңа оқу жылына дайындық уақытында аз қамтылған және көпбалалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету; баланың әлеуметтік себептермен мектепке келмей қалуының алдын алу; жетім балаларға, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, көпбалалы, тұрмыс жағдайы төмен отбасыларына нақты көмек көрсету болып табылады.

Бүгінгі күні бір баланың өзін мектепке дайындау ата-анаға әжептәуір салмақ түсіретіні анық. Ал, отбасында бірнеше бала болса ше? Әлбетте, мұндай жағдайда әке-шеше барлық баласын бірдей жаңа оқу жылына сақадай сай етіп даярлай алмасы анық. Бұдан басқа да әлеуметтік көмекті қажет ететін тұрмысы төмен отбасы мен жетім, жартылай жетім жеткіншектер бар. Оларға да көп болып көмек көрсету игілікті іс.

Осыған орай, жыл сайын ел көлемінде «Мектепке жол!» атты республикалық акция өткізіліп келеді. Бұл акция көптеген жеткіншекке шапағат нұрын себуде. Бұл – бір реттік қана көмек емес, жыл бойы жалғасып отыратын үрдіс. Осы ретте акция кезінде ғана емес, басқа уақытта да тұрмысы төмен отбасын азық-түлікпен, балаларды қыстық киіммен қамтып, тұрақты демеушілік көрсетіп тұратын азаматтардың бары қуантады. Акция аясында оқушылар оқуға қажетті құрал-жабдық, мектеп формасы, спорттық киімдермен қамтылып келеді.

Бұл іске облыстық, аудандық әкімдіктен бастап, басқарма, департаменттер, түрлі мекеме, ұйымдар белсенді түрде атсалысып келе жатқанын айта кеткен орынды. Сол сынды ата-аналар, ұстаздар, кәсіпкерлер демеушілік көмек көрсетуде. Сондай жанның бірі – ЖК «Абызбай» биыл бес баланы бірдей мектепке даярлауға ниет танытып отыр. Сондай-ақ, «Lanzhou-Сервер» мейрамханасы 20 көпбалалы отбасы балаларына мектеп сөмкесімен, оқу құралдарын ұсынып отыр. Қуаныш пен күлкі сыйлап отырған барлық демеушіге, осы істің ұйытқысы болып жүрген ұстаздар қауымына алғысымыз шексіз.

Акцияның алғашқы айында бірқатар оқушы мектепке қажетті құрал-жабдықпен қамтылды. Акция енді ғана бастау алды. Жаңа оқу жылы басталғанша 100 баланы толықтай мектепке даярлаймыз. Ол үшін әлі де демеушілер іздестіріп жатырмыз. Бүгінгі күнге дейін үлес қосқан жандар да баршылық. Жыл сайын акцияны өз деңгейінде өткізіп келеміз. Жыл сайын балаларға мейірім мен шуағын төге келетін акция көпшілік көмегімен өз дәрежесінде өтеріне сеніміміз мол.

Бахыткул КУСАИНОВА,
№164 жалпы білім беретін мектептің директоры, Алматы қаласы, Алатау ауданы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий