Биология сабақтарында VR технологияларын қолдану
Биология пәнін оқытудың ең маңызды мақсаттарының бірі – практикалық мүмкіндіктерін ашу. Ол үшін күнделікті оқыту үдерісінде биология пәнінен берілетін теориялық білімді өмірдегі жағдайлармен байланыстырып, практикалық жағына бағыттап отыру керек.
Сондықтан, теория мен практиканың байланыста болуын қамтамасыз ету үшін әрбір сабақ бойынша берілетін білімнің мазмұны мен көлемін анықтағанда теориялық қағидалардың, заңдылықтар мен ережелердің, яғни ұғымдық-ақпараттық материалдардың бала өмірінде кездесетін түрлі проблемалық мәселелерді шешуге көмегі тиетіндей, оқушы оны қолдана алатындай практикалық маңызы ескерілуі тиіс. Сондай-ақ, оқушылардың оқу материалын тек жаттап қана алмай, оның мән-мағынасын терең түсінуін қамтамасыз ету міндетті.
Негізгі мақсаты – VR технологияларын білімге енгізу, қолдану, сонымен қатар танымал виртуалды шындық бағдарламаларын және оны оқу процесіне енгізу. Адамды қиял әлеміне баулудың көптеген жолдары бар: қызықты кітап, ұялы телефондағы қызықты ойын және VR. Виртуалды шындық (VR) – бұл шын мәнінде жоқ, жасанды түрде техникалық құралдармен жасалған әлем. Виртуалды шындықта техникалық тұрғыдан алғанда визуалды қабылдаудың көмегімен жүзеге асады.
Бұл жағдайда шлем-дисплей пайдаланылады, оның арқасында оқушы 3D ортасына ене алады. Виртуалды технологиялар материалды көрнекі түрде беруге көмектеседі. Виртуалды әлемге 5-7 минуттық ену арқылы материалды, яғни, әдеттегі дәріс сабақтарын неғұрлым түсінікті етеді. Дәріс құрылымдық элемент ретінде өз функциясын жоғалтпайды, бірақ сабақ модернизацияланады. Сонымен қатар, оқушылар оқу процесіне көбірек қатысады, материал дұрыс көзқараспен көрнекі және түсінікті болады.
Зухра КАДЕНОВА, биология пәнінің мұғалімі
Загрузка...