Қызмет алушылар күніндегі кездесу

Оқушылар сарайында ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті мен облыстық білім басқармасы бірлесіп «Қызмет алушылар күнін» өткізді. Оған 100-ге жуық тұрғын қатысып, сұрақтарына жауап, кеңестер алды, – деп хабарлайды Маңғыстау облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.

Шараға білім басқармасының басшысы Д.Жұмашева, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Маңғыстау облысы бойынша департаментінің, білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету департаментінің өкілдері, білім басқармасы мен Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің мамандары, білім беру ұйымдарының басшылары мен педагогтері, Ш.Есенов атындағы университетінің өкілдері қатысып, білім саласындағы көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша тұрғындардың сауалардарына жауап берді.

Атап айтқанда балабақша, мектеп, колледж және арнайы, қосымша білім беру ұйымдарына қабылдау, мұғалімдердің аттестациясы,қамқоршылық мәселесі, тегін тамақтану мен тасымалдау және т.б көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы. Одан бөлек мамандар тұрғындардың жұмысқа қабылдау бойынша ақпараттық түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Білім басқармасының басшысы Д.Жұмашева жеке қабылдаған тұрғындар жаңа мектептердің ашылуы мен білім беру ұйымдарына жұмысқа қабылдау рәсімдері жөнінде сұрақтар қойып, жауап алды. Аталған шара барлық аудан, қалаларда ұйымдастырылды, оған 200-ге жуық тұрғын қатысты.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий