Бауыржан атамыздың ізімен, тәртіп пен тәрбиесіз білім жоқ!

Бауыржан Момышұлындай нар тұлғаның аты берілген, ширек ғасырға жуық тарихы бар мектептің іргесі алғаш 1981 жылы қаланды. Бауыржан Момышұлы – қазақтың хас батыры һәм жазушысы. Оның есімі – ерліктің, Отанға деген адалдық пен сүйіспеншіліктің белгісі.

Павлодар қаласындағы Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінде батырдың есімін мәңгілік қалдыруға бағытталған дәстүрлі өтетін “Бауыржан оқулары” мектепішілік, қалалық деңгейде өткізіліп келеді. Мақсатымыз – республикалық деңгейге шығару. Осы арқылы патриоттық тәрбиені күшейтіп, оқушыларды еліміздің тарихи жетістіктеріне құрметпен қарауға үйретеміз.

Білім сапасын арттыру бағытында инновациялық білім беру бағдарламаларын әзірлеу және енгізу оқушылардың қазіргі заманғы еңбек нарығының талаптарына дайын болуын қамтамасыз етті, танымал жоғары оқу орындарына түскен түлектер санын көбейтті. Мәселен, биылғы оқу жылын аяқтаған 75 түлектің отызы грант иегері атанып, екі оқушы Чехия Университетіне оқуға түсті. Жалпы оқушы саны – 1554.

Сондай-ақ, ғылыми жобаларға, конкурстар мен олимпиадаларға қатысатын оқушылардың саны да сапасы да артты. Тек оқушылар емес, олармен қатар ұстаздарымыз да түрлі қалалық, облыстық конкурстар мен сайыстарға қатысып, кәсіби өсу жолын айқындады, республикалық деңгейде озық іс-тәжірибелерімен бөлісіп келеді. Жоспар бойынша өткен ашық сабақтар декадасы кезінде ұстаздар өз сабақтарын шығармашылықпен, жоғары деңгейде өткізді.

Сабақта сыни тұрғыдан ойлау, жұптық, топтық оқыту әдістерін және «Жасанды интеллект», «TopIQ» платформаларын қолданып, әр педагог өзіндік жаңа әдістерін жүйелі түрде оқу үдерісіне енгізе білді. Жалпы мектеп заманауи технологиялық құрал жабдықтармен қамтамасыз етілген. Мектепте тоғыз интерактивті тақта, 462 компьютер білім алушыларға қызмет етеді.

Биыл арнайы “Level up (левел ап)” атты білім алушыларды пәндік олимпиада мен зияткерлік сайыстарға, ғылыми жобаларға дайындайтын оқу кабинеті ашылды. Әрбір білім ошағында сапалы оқытумен қатар тәрбие де тыс қалмайтыны сөзсіз. Мектепте “Біртұтас тәрбие” бағдарламасы негізінде оқушыларды патриоттық тәрбие және азаматтық жауапкершілікке, ұлттық құндылықтарға бағыттау мақсатында сабақтан тыс ерлік сабақтары ұйымдастырылады.

Және ардагерлермен, қазіргі қоғам қаһармандарымен кездесулер және патриоттық сайыстар мен фестивальдер жиі өткізіліп тұрады. Оқушылардың актерлік қабілетін арттыру мақсатында, “Bala studio” медиа орталық жұмыс жүргізеді. Ол студияда ән жазу, мектептің жаңалықтарын оқу, әртүрлі жобалар түсіріледі. Сондай-ақ, домбыра, шахмат, волейбол, бес асық үйірмелері, “Аққу” қыздар клубы мен “Мирас” ұлдар клубы, Әкелер, Аналар клубы, Ұшқан ұя” дебат клубтарының маңызы зор.

Бауыржан Момышұлы атындағы мектеп – терең тарихи дәстүрлер мен заманауи, жаңашыл білімге деген ұмтылысты ұштастырған бірегей білім ордасы. Мақсаты нық, жоспары жүйелі, бағыты айқын. «Жаңа Қазақстан —жаңашыл ұстаз— жаңа ұрпақ» —бұл білім беру жүйесіндегі бәсекеге қабілетті тұлға даярлау.  Сондай қабілетті, қоғамнан өз орнын таба алатын жеке тұлғаны даярлау Бауыржан Момышұлы атындағы мектептің айқын бағдары.

Сондай мектебіміз Павлодар қаласы әкімінен балалардың жазғы демалысы мен сауықтыруын үздік ұйымдастырған мектеп аталымымен марапатталды. Бауыржан Момышұлы атындағы жалпы білім беру мектебі барша биыл мектеп табалдырығын аттап жатқан еліміздің бүлдіршіндерін қыркүйек айының біріндегі Білім күнімен құттықтайды.

Естай РЫСБЕК,
Бауыржан Момышұлы атындағы
жалпы орта білім беретін мектеп
басшының тәрбие ісі жөніндегі
орынбасары, Павлодар қаласы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий