Қазақстанға ұлттық ренессанс қажет

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың бастамасымен ұйымдастырылған Орталық Азияның бес мемлекет басшыларының саммитінде біздің мемлекеттеріміздің «РЕНЕССАНСЫ» идеясы бірнеше рет айтылды. Бұл барлық жағынан жақсы идея, жақсы саяси мемлекетаралық процесс. Бұл термин өте маңызды және мағыналы.

Бұл интеграцияны түркі халықтарының барлық ұлы тұлғалары армандаған. Мен бұл РЕНЕССАНС дәуірінің барлық артықшылықтарын тізбелеймін, ең бастысы – Қазақстанның және басқа мемлекеттердің бүгінгі және болашақтағы ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету. Бұл күндері әртүрлі ақпарат құралдарында РЕНЕССАНС деген сөз естілді.

Осы орайда айта кетейін, Қазақстандағы саяси процестерді бағалау кезінде РЕНЕССАНС ұғымын алғаш рет «Қаһармандар» қорының президенті Сабыр Ахметжанұлы Қасымов ғылыми айналымға енгізіп, Петропавлдағы «Қызыл жардың шерлі тарихы»: «Алаш» ұлттық РЕНЕССАНС дәуірі» атты ғылыми-танымдық конференцияда (Егемен Қазақстан 4 мамыр 2024 ж.), ғылыми баяндама жасаған болатын.

Оның айтуынша, Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі Мемлекеттік комиссияның (бұдан әрі – Мемлекеттік комиссия) ғалымдары мен сарапшылары жаңадан құпиясы жойылған құжаттарды негізге ала отырып, облыстық мұрағаттарды зерделеп, қарт адамдардан, өлкетанушылар мен қуғын-сүргін құрбандарының ұрпақтарынан сұхбат алып, «Алаш» партиясы мен Алаш-Орда үкіметінің әр түрлі салалардағы (мемлекеттік, саяси, қоғамдық, ғылыми, мемлекеттік құрылыс) қызметінің нәтижесінде, қазақ халқының РЕНЕССАНСЫ жүзеге асырылды.

Осы уәждерді растау үшін Мемлекеттік комиссия «Алаш» қызметі туралы 10 томдық эксклюзивті құжаттар жинағын дайындауда. Мемлекеттік комиссияның сарапшысы қызметін атқара жүріп, мен көп нәрсені білдім, тарихымыздың көптеген фактілеріне, саяси оқиғаларға, соның ішінде кеңестік кезеңдегі Қазақстандағы жаппай саяси қуғын-сүргінге жаңа әдістеме негізінде жаңа көзқараспен, жаңаша ғылыми талдау жасалынғанын атап өткім келеді.

Атап айтқанда, «Алаш» қызметіне қатысты саяси, үгіт-насихаттық және ғылыми айналымға РЕНЕССАНС термині Қазақстанда алғаш рет енгізілді. Мемлекеттік комиссияның жұмысы барысында басқа да көптеген ғылыми-теориялық және саяси қорытындылар жасалды. Мемлекеттік комиссия 1920-1950 жылдардағы саяси қуғын-сүргін құрбандары мен зартап шеккендері туралы бұрынғы барлық сандарды жаңартты.

Алдағы уақытта жаңа әдістеме ғана емес, жаңа ғылыми-теориялық тұжырымдар мен жаңалықтар жария етіліп, жаңа заң жобалары, жаңа нақты ұсыныстар енгізілетін болады. Осы деректер сәл кейінірек жарияланады. Бұл, бір мәселе бойынша ғана РЕНЕССАНС.

Талдыкбай ЕСМАХАНОВ, PhD

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Қазақстанға ұлттық ренессанс қажет

  1. «Қаһармандар» қорының президенті, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жобалық офисін   басқарған Сабыр Ахметжанұлы Қасымов ғылыми айналымға енгізген
    Жаппай қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі өңірлерден құрылған  комиссияның жұмысшы топтары құрамындағы  ғалымдары мен сарапшылар ,архив қызметкерлері, өлкетанушылар құпиясы жойылған құжаттарды негізге ала отырып, облыстық, аудандық архивтердегі құжаттарды  зерделеп, зерттеп ,  1920-1950 жылдардағы қуғын-сүргін құрбандары болған, бай-кулактар, өңірлердегі көтеріліске қатысқандардың ұрпақтарынан сұхбат алып, «Алаш» партиясы мен Алаш-Орда үкіметінің әр түрлі салалардағы қызметінің нәтижесінде, қазақ халқының РЕНЕССАНСЫ жүзеге асырылды деп айтсақ болады.

Добавить комментарий