Жамбыл облысы: Отандық оқушылардың он екінші жазғы ғимназиадасынан бас жүлде
Оқушылардың жазғы демалысы аясында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен Қазақстан оқушыларының XII жазғы Гимназиадасы өткізілді. Еліміздің түкпір-түкпірінен 8000-ға жуық жасөспірім бақ сынасқан байрақты бәсекеде спорттық шеберліктерінің жоғары деңгейде екенін көрсеткен Жамбыл облысы жалпы командалық есепте БАС ЖҮЛДЕНІ иеленді, – деп хабарлайды осы аймақтағы білім басқармасының баспасөз қызметі.
Айта кетейік, Гимназиада аясында Астана, Алматы, Түркістан, Павлодар, Өскемен, Щучинск, Ақтөбе, Қостанай, Лисаковск, Шымкент, Орал сынды қалаларда 34 спорт түрінен тоқсан бес жарыс өткізіліп, оған өңіріміздің 571 оқушысы қатысты. Кіл мықтының арасында «жүзден жүйрік» атанған Жамбылдық жас спортшыларды жеңістерімен құттықтай отырып, оқушылардың шыңдаған дене шынықтыру педагогтері мен бапкерлеріне алғыс білдіреміз!