Қолданбалы математика: (10-11-сынып оқушыларына арналған қолданбалы курс бағдарламасы)
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің білім стандартында жалпы орта білім беретін мектептердің барлық түрлерінде бейіндік оқыту барысындағы қажеттіліктерге айрықша көңіл бөлінген. Ұсынылып отырған бағдарлама 10-11 сынып оқушыларына арналған. Бұл бағдарламада тригонометриялық функцияның формулаларының мәнін,шығу тегін, күрделі есептерін, параметрлік теңдеу мен теңсіздіктер тақырыбын тереңірек түсіндіру, комбинаторика, ықтималдық, статистика тақырыптары мен есептер қаралады.
Бұл курсты бейіндік деңгейде және базалық деңгейде математиканы оқитын оқушылар үшін де пайдалануға болады. Бағдарлама оқушының математика пәніне деген қызығушылығын арттыратын және қабілетін әрі қарай дамуға әрекетті. Оқушылардың ой-өрісінің, өздік ізденісінің дамуына оң ықпалын тигізеді. Бағдарламның жаңашылдығы оқушының логикалық ойлау қабілетін арттыру, математикалық тілде сөйлей білуін жоғарлату үшін мектеп курс мазмұнына қатысты тереңдетілген мазмұндар енгізілген.
Курс оқушының математикаға деген қызығушылығын оятып, жоғары деңгейдегі олимпиада өресіне көтеріп қана қоймай, оқушының өтпелі кезеңіндегі логикасының жетілуіне, ойлау қабілетінің өсуіне де маңызы өте зор. Бұл математикалық олимпиадамен шұғылданатын оқушылар үшін қосымша материал бола алады, тағы бір басты ерекшелігі әрбір мазмұн біткеннен кейін берілген жаттығу тапсырмалары типтік үлгіде берілген, жазбаша жұмыс үлгісіндегі есептер және оларды шешудің әдістері беріледі.
Егер аталған курс меңгерілсе теория мен практиканы ұштастыру мақсатында есеп шығару мен зерттеу жұмыстарын орындауға бағыт алады. Математика пәнінің қаншалықты маңызды екендігін түсінеді. Оқу жылындағы сағат саны-34, аптасына 1 сағат.
Өзектілігі: логикалық ойлауға қабілетті, кең саналы, сауатты жеке тұлға қалыптастырып тәрбиелеу барысында оңды ықпал жасайды. Берілген есепті шығару алгоритмін және жолдарын құра білуге, іс жүзінде есептерді шығарудың стандарттық емес тәсілдерімен танысып, қолдана білу дағдысы қалыптасады.
Бағдарламаның мақсаты: жалпы логикалық ойлауын дамыта отырып, оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыру, мәтінді есептерді шыгару біліктілігін дамытуға, функционалдық сауаттылықтыарттыруға ықпал ету. Бағдарламаның міндеттері: алған білімдерін іс жүзінде пайдалана білуге үйрету; математика бойынша оқушылардың білімін кеңейту және тереңдету; оқушылардың математикалық ойлауы мен қабілеттерін дамыту; ізденімпаздық, шығармашылық қабілеттерін дамыту; ізденушілік, зерттеушілік жұмыстарын ұйымдастыру; оқушыларды олимпиадалық есептерді шешудің негізгі әдістерімен таныстыру; есептердегі олардың практикалық маңыздылығын көрсету.
Қорытынды. Дәстүрлі емес жағдайларда алған білімдерін қолдана білуге, өмірлік жоспарларын іске асыруда 10-11 сынып оқушыларының білім алуында «Қолданбалы математика» маңызды орын алады. Бағдарламада ұсынылып отырған тапсырмалар, зерттеуге бағытталған және ұтымды ойлау дағдыларын дамытуға әсер етіп, нәтижесін болжай білу қабілетін қалыптастырады. Қолданбалы математика бағдарламасында жалпы білім берудің негізгі компоненті болып табылады.
Оның оқушыға қатысты басты мақсаты – оқушылардың математикалық сауаттылығын арттыру ,олардың білімдерінің тиянақты болуын қамтамасыз ету болып саналады. Курс бағдарламасы оқушының математика пәніне деген қызығушылығын арттыратын және қабілетін әрі қарай дамуға әрекетті. Оқушылардың ой-өрісінің, өздік ізденісінің дамуына оң ықпалын тигізеді. Бұл бағдарламаны оқушылардың функционалдық сауаттылығын арттыруға, қолдануға, ұсынуға болатын бағдарлама.
Айман Жубанышовна СУГИРОВА,
Әлихан Бөкейхан атындағы № 76
мектеп-лицейдің математика пәні мұғалімі,
Ырысбақыт ЫНТЫМАҚ,
Әлихан Бөкейхан атындағы № 76
мектеп-лицейдің математика пәні мұғалімі,
Гүлжиһан Аркадийқызы ЖАҢАБЕРГЕНОВА,
№93 мектеп-лицейдің математика пәні мұғалімі,
Астана қаласы