ASIAN MMS-2024 конференциясы

Бұл бірегей басқосу Азия елдерінің инженерлік саладағы күш-жігерін біріктіріп, қазіргі уақыт сынақтарына оңтайлы шешімдер табу мақсатында әлемнің барлық мықты ғалымдарын, өз істерінің нағыз майталмандарын бір алаңға шоғырландыратын тиімді халықаралық арена. Бұл жерде ғалымдар ой-пікір, тәжірибе алмасу, өз жетістіктерімен бөлісу, ақылдасу, нәтижелі қарым-қатынастар орнату және тағы да басқа мүмкіндіктерге ие болады.

Мұндай іс-шаралар жаңа серпін мен шабыт беретіні сөзсіз. Тағы бір айта кететін жайт – конференция барысында қазақстандық ғалымдар әзірлемелерінің көрмесі өткізілді. Яғни, олардың қол жеткізген ғылыми нәтижелері шетелдік, Отандық қауым назарына ұсынылды. Әзірге жасалған бұйымдар соншалықты көп болмаса да, өте сапалы және әрқайсысына сұраныс жоғары. Кейбір бұйымдардың белгілі бір параметрлер бойынша шетілдік аналогтардан асып түсуі – мақтанарлық жайт.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан әлемнің дамыған көшбасшы елдерінің қатарына ену керек» деген тапсырманы алдымызға қойды және ол мақсатқа жету жолында ғылым саласының аларлық ерекше орнын атап көрсетті. Қазіргі уақытта мемлекет тарапынан ғылым саласының дамуына жасалынып отырған қолдау өте жоғары, сондықтан, осындай халықаралық деңгейге шығып, жұмыла жұмыс істеп, мемлекетіміздің өркендеп, ілгерілей беруіне қызмет етуіміз қажет. Мақсат – айқын, бағыт – белгілі.

Заир УАЛИЕВ,
Өмірбек Жолдасбеков атындағы механика және машинатану институтының бас директоры

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий