Ақтөбе облысы: техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында жаңа оқу жылын ұйымдастыру ерекшеліктері

«Техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында 2024-2025 жаңа оқу жылын ұйымдастыру ерекшеліктері» тақырыбында онлайн жиналыс ұйымдастырылды. Шараның негізгі мақсаты – колледж педагогтеріне жаңа оқу жылында енгізілетін өзгерістерді түсіндіру және олардың жұмысын жүйелеу, – деп хабарлайды Ақтөбе облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Отырысқа колледждердің басшылық құрамы мен педагогтері қатысты. Жиналыс барысында облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары Дина Жаманбаева жаңа оқу жылындағы басым бағыттарды атап өтті. Ол оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырудағы маңызды мәселелерге тоқталып, білім беру сапасын арттыру мақсатындағы іс-шараларды белгіледі. Сондай-ақ, педагогтерге оқу процесінде жаңа әдістемелер мен технологияларды қолдану қажеттілігін ескертті.
Жиында 2024-2025 оқу жылына арналған «Біртұтас тәрбие» бағдарламасын жүзеге асыру бағытындағы жұмыс жоспарлары жан-жақты талқыланды. Бұл бағдарлама білім алушылардың тұлғалық дамуын қамтамасыз етуге және олардың кәсіби дағдыларын жетілдіруге бағытталған. Отырыс барысында қатысушылар өз ұсыныстары мен пікірлерін білдіріп, алдағы оқу жылына жоспарланған міндеттер нақты бекітілді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий