Павлодар облысы: балалардың құқықтарын қорғау жүйесіндегі жаңа шындық

Жергілікті орта білім беру ұйымдарының басшыларымен, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған мемлекеттік мекемелердің басшыларымен, Павлодар облысының қалалық және аудандық қорғаншылық және қамқоршылық органдарының мамандарымен «Балалардың құқықтарын қорғау жүйесі: жаңа шындық» тақырыбында мәжіліс өткізілді.

Спикерлер ретінде Бала құқықтары жөніндегі өңірлік уәкіл Сауле Сабитовна Шакенева, жергілікті полиция қызметі басқармасы ювеналды полиция тобының ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Бибегуль Тулешовна Камзина, М. Катаев атындағы Оқушылар сарайының әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Баглан Ердымбаевна Ашенова шақырылды.

Мәжіліс қатысушылары балалардың құқықтары мен мүдделерін қорғау, олардың қауіпсіздігі, әсіресе білім беру ұйымдары балаларды тасымалдау кезінде, бірқатар шараларды талқылады. Успен ауданының қорғаншылық және қамқоршылық органының маманы Толкын Сагидуллаевна Альтаева өмірлік қиын жағдайдағы балалармен және отбасылармен жұмыс жасау проблемалары мен оларды шешу жолдары туралы сөз қозғады.

Арнайы әлеуметтік қызметтерге мұқтаж балаларды қолдау орталығының басшысы Нагима Атаевна Абдрахманова негізгі мақсаты жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың проблемаларына қоғамның назарын аудару болып табылатын «Мейірім» республикалық қайырымдылық акциясын іске асыру жұмыс тәжірибесімен бөлісті.

Сондай-ақ қатысушыларға «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы, оның негізгі принциптері, жобалары және іске асыру тәсілдері ұсынылды, онда балалармен өзара байланыста болып жұмыс істейтін барлық ересектердің тәрбие процесіне қатысуына баса назар аударылды. Кездесу «Ұстаздың эмоционалды интеллектін дамыту – баланың жеке тұлға ретінде үйлесімді дамуының кепілі» тренингімен аяқталды, бұл тренингті осы саланың сарапшысы, педагог-психолог Анастасия Алексеевна Бережная өткізді.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий