Жетісу облысы: “Бала тілі – бал” байқауы ұйымдастырылды

Ұлттың сақталуына да, жоғалуына да себеп болатын нәрсенің қуаттысы – тіл” деп ұлағатты сөз қалдырған, қазақ халқының тағдыры, тілі үшін күрескен ұлт ұстазы Ахмет Байтұрсынұлының туған күні қарсаңында, қазақ халқының тілдер мерекесіне орай қалалық балабақашалар арасында этнос өкілдерінің қатысуымен «Бала тілі – бал» байқауы №14 «Айбөбек» бөбекжай-бақшасы базасында өте жоғары дәрежеде ұйымдастырылды.

Байқауға Талдықорған қаласының «№4 ясли-бақшасы», «№5 ясли-бақшасы», «№7 бөбекжай-бақшасы», №14 «Айбөбек» бөбекжай-бақшасы» іріктелініп алынды. Қатысушы бүлдіршіндер өздерінің мемлекеттік тілге, елге деген сүйіспеншіліктерін көрсетіп, тіл байлығын, мемлекеттік тілде еркін сөйлеу шеберліктерін көрсете білді. Байқау соңында жеңімпаздар анықталып, жүлделі арнайы дипломдармен және сыйлықтармен марапатталды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий