Ақмола облысы: “Қошақан” бөбекжайының тәрбиешілері жасанды интеллект технологияларын қолданады

Нейрондық желілер әртүрлі интеллектуалды жүйелер құру кезінде маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, бейнелерді өңдеу, роботтар мен үздіксіз өндірістерді басқару, сөйлеуді тану мен тудыру және көптеген басқа да динамикалық есептерді шешу үшін қолданылады, – деп хабарлайды Ақмола облыстық білім басқармасының баспасөз қызметі.
Целиноград ауданы Қажымұқан ауылының «Қошақан» бөбекжайының тәрбиешілері мектепке дейінгі білім беруді тәрбиелеу мен оқытуда жасанды интеллект технологияларын қолданады. Нейрожелілер бізге не береді? Ең алдымен, уақыт үнемделеді, балалардың танымдық қызығушылығы артады. Цифрлық технологияға тәуелділік жоғары қоғамда балалар ақпараттық технологияны тез меңгеруіне оң әсерін тигізеді.
– Нейрожелілер арқылы суреттер салу, видеоматериалдарды дайындау арқылы педагогтердің білімін жетілдіруді алға қойдым. Кез-келген тақырыпта суреттер салуға арналған нейрожелілер: www.recraft.ai, www.picfinder.ai, www.fabula-au.com, https://magicstudio.com/ және https://studio.d-id.com/ нейрожелісі арқылы видео жасаймыз. Көрсетілген нейрожелілер арқылы балалардың айтқан сөздерінен түрлі суреттер шығаруға болады. Қиялға ерік беріп, өмірде жоқ қиял-ғажайып ертегі құрастыруға болады. Балабақша топтарын ерекше сәндеу үшін де тақырыптық суреттер салуға болады. Қолданылу аясы кең, тегін нейрожелінің балалар үшін берері мол. Ертегі кейіпкерлерін балалардың көзқарасы бойынша салып, өз кейіпкерлеріне жан бітіреді, – дейді бөбекжайдың әдіскері Эльмира Донбаева.
– Практикалық бөлімде: https://app.arloopa.com/ қосымшасында 3D моделдер жасалады, бұл нейрожеліде ұйымдастырылған іс-әрекеттер барысында не қорытынды бөлімде 3D модельдерді жасауға болады, сол модельдер баланың көз алдында көрсетіледі. Нәтижесінде балалар тақырып бойынша айтылған жануарды, жәндіктерді тікелей өздері жасай алады. https://app.runwayml.com нейрожелісі арқылы 3Д модельдерді өз мәтіні бойынша жасаймыз. Бұл нейрожелінің қолданылуы аясы өте ауқымды, әрі тегін, – деді сөзін толықтырған әдіскер.
Сонымен қатар бөбекжайда https://openai.com/chatgpt/, https://chatgpt.com/, https://xn—-7sbqarcjpdbejzpq4n.xn--p1ai/… ақпараттық нейрожелілері арқылы түрлі сұрақтарға жауап беретін чат-бот жумыс істейді. Бұл чат-бот мектепке дейінгі ұйымда жұмыс жасайтын кез-келген педагог үшін жұмысын оңайлатуға арналған нейрожелі, ұйымдастырылған іс-әрекет жоспарын құруға, әр жаста балалардың игеруі керек дағдыларды қарап жұмыс жоспарлауға болатын пайдалы нейрожеліні бөбекжайымыздағы барлық педагог өз жұмысын жеңілдету үшін қолданып келеді.
Осы жоба бойынша «Қошақан» бөбекжайының әдіскері Донбаева Эльмира Базарбаевна Bolashaq saraiy алаңындағы биылғы жылы өткен тамыз кеңесінде сөз сөйледі.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий