Қызылорда облысы: Мектептегі жаңа спорт алаңы
ҚР Президенті Қасым-Жомарт ТОҚАЕВ барша отандастарымызға арнаған биылғы жолдауында: – Балалардың спортпен шұғылдануына жағдай жасалуы қажет. Спорт инфрақұрылымын біртіндеп салуды қамтамасыз етуге тиіс, – деп халықтың дене шынықтыру және спортпен жаппай айналысуы үшін спорттық инфрақұрылымдардың қолжетімділігін кеңейту қажеттігіне аса көңіл аударғаны белгілі, – деп хабарлайды Шиелі аудандық білім бөлімі.

Осы бағытта №270 Ғ.Мұхамеджанов атындағы орта мектебінде бірқатар жұмыстар жүзеге асып жатқанын ерекше атап айтқан жөн. Жақында осы ағарту ошағында кезекті қуанышты жағдай орын алып, ашық футбол алаңы жас спортшыларға қолданысқа берілді. Білім ордасының ашылғанына он жыл және Ғафур Мұхамеджанұлының ғасырлық мерейтойы аясында салынған футбол алаңының құрылысына қаржылай демеушілік жасаған жауапкершілігі шектеулі “Гежуба Шиелі Цемент” серіктестігінің бөлім басшысы Ерсін Базылбекұлы және аудандық мәслихаттың депутаты Салқынбаев Мұхамеджан Бекмұрзаұлы қатысып, осы алаңнан еліміз бен әлемге әйгілі спортшылар тәрбиеленіп шыға беруіне бағытталған ізгі тілектерін арнады.
Загрузка...Жанабаева Гүлзира Есенгелдіқызы осы мектептің директоры ретінде жазғы спорт алаңының білім алушыларды салауаты өмір салтын қалыптастыру мақсатында арнайы салынғанын айрықша атап айтып, құрылыс жұмыстарын жүргізген жанашыр азаматтар мен сала мамандарына ұстаздар ұжымының атынан алғысын білдірді. Шара соңы білім алушылардың концерттік бағдарламасы мен жас спортшылардың арасындағы футбол жарысына ұласты.