Павлодар облысы: Қазақстандық рекордтар кітабының сертификаты

11200 шаршы метрлік алып кілемді еліміздің бар аймағынан келген 450 қолөнерші Астана қаласында бесінші Дүние жүзілік көшпенділер ойындарының этноаулен алаңында таныстырды. Кілем отандық «КИНЭС» рекордтар кітабына енгізілді, барлық қатысушылар рекордтар кітабының сертификаттарын алды.

Кілем жасауға жергілікті отыз шебер қатысты. Павлодар қалалық Б. Момышұлы атындағы мектептің орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Сейтова Назира Дәуренбекқызы да олармен жұмыс істеді. Кілем жасауда «Гауһартас», «Аламан», «Сынық мүйіз» техникалары қолданылды, өсімді кою-өрнегі және төрт кұлақ қошқар мүйізі (қой мүйізі түріндегі ою-өрнек) пайдаланылған.

– Біз ені 40 метр, ұзындығы екі жүз елу екі метр болатын кілемді ұсындық. Кілемге барлығы 450 корпус кетті. Әрқайсысының өлшемі – 2,5 метрден тоқсан сантиметрге дейін. Қолөнерге деген қызығушылық бала кезінен әжемнің қолымен жасалған әдемі бұйымдарға (көрпе, жастық) байланысты болды. Мен өзім жақында бұйымдарды тігуді бастадым. Бұл менің «Аламан құрақ» ауқымды жобасына қатысудағы алғашқы тәжірибем. Жобамен интернете таныстым және Қазақстанның түкпір-түкпірінен келген қолөнершілердің әдемі дизайны мен бірлігіне қызығушылық таныттым, ұйымдастырушыларға тарихтың бір бөлігі болу мүмкіндігі үшін алғысымды білдіремін, – деді Назира Дәуренбекқызы.

Жобаның негізін қалаушылар Нұргүл Абайхан мен дизайнер Аселина Батыр көрпешек тігу жұмыстары барысында қатысушыларды жан-жақты қолдап, шабыттандырды, бұл үлкенең бекті қажет ететін істі алғаш қолға алғандардың барлығы үшін өте маңызды болды. Назира Дәуренбекқызы бұл білім ордасында алты жылдан бері тұрақты жұмыс істейді және 2021 жылдан бастап «Аққу» қыздарға арналған мектеп клубының жетекшісі болып табылады.

Клуб ұлттық дәстүрлер аясында қазақ мәдениетін зерттеуге және қыздарды тәрбиелеуге бағытталған. Төрт жыл ішінде клубтың қатысушылары қалалық және облыстық байқауларда жүлделі орындарға ие болды. – Болашақта осындай ірі іс-шараларға қатысуға инелі қыздарды тартқым келеді. Өйткені, өз еңбегінің бір бөлігін инвестициялау, қолөнершілердің бірлігі мен әлеуетін ашады және одан да үлкен биіктерге жетуге күшті мотивация береді, – деді Назира Дәуренбекқызы.

Павлодар облыстық білім
басқармасының баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий