Оқытуды құндылықтармен кіріктіруде М.Жұмабаевтің «Педагогика» еңбегінің маңыздылығы
Мектепте оқытылатын пәндерге, соның ішінде тәрбиелік, танымдық, бағытты оқытудың негізін қалыптастыратын басқыш – бастауыш білім. Бұл-мемлекет пен министірліктің, не болмаса оқулық авторлары мен мұғалімдердің ғана емес, ұлт болашағына алаңдайтын, келешекке сенім артатын баршамыздың міндетіміз.
«Біз осы іргелі құндылықты ұрпақ санасына сіңіре беруіміз керек. Адал азамат дегеніміз – жақсы қасиеттерге ие болып, адал еңбек ететін және табысқа адал жолмен жететін адам. Яғни, адалдық пен әділдікті бәрінен биік қояды. Озық ойлы ұлт болу үшін бүкіл қоғам сана-сезімін өзгертіп, жаңа құндылықтарды орнықтыруы керек. Әрбір адам «Адал азамат» деген атқа лайық болса, елімізде әділ қоғам орнайды. «Адал адам – Адал еңбек – Адал табыс» – бір-бірінен ажырамайтын ұғымдар. Осы үш тағанды озық әрі табысты елге озық әрі табысты елге айналудың басты кілті деуге болады», – деген еді Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық құрылтайдың үшінші отырысында сөйлеген сөзінде.
Әлемдік қоғамдастықтың қазіргі даму кезеңі дүниежүзілік экономикалық интеграцияның тереңдеуімен, әлемнің әр түрлі аймақтарының әлеуметтік және мәдени өзара байланыстарының кеңеюімен, жаһандану мәселелерімен, әлеуметтік құрылыстың өзгеруімен, бұрын белгісіз болған салаларда сапалы жаңа іс-әрекет түрлерінің пайда болуымен сипатталады. Жастардың жаңа жағдайларға бейімделуі құндылықтарды қайта бағалау, болмыстың жаңа сенімді тіректерін және өмір сүру бағдарларын іздеу арқылы жүзеге асады. Бұл мәселені шешу қазіргі мектептің оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланып жүрген «Біртұтас тәрбие бағдарламасында» көрініс тапқан.
Оқушылардың бойына ұлттық құндылықтарды қалыптастыру үшін сабақта олардың ізденуіне жағдайлар жасау, мүмкіндіктер туғызу – маңызды.
Әр ұстаз өз тәжірибесінде тәрбиені сабақ мақсатымен өзектес құрып, іске асырғанда ғана нәтижеге қол жеткізе алады.
Бастауыш сынып мұғалімі бастауыш сынып пәндерінің оқу мақсаттарында белгілі бір сыныпта оқушылар үйренеді деп күтілетін тақырыптар, мазмұн және дағдылар сипатталған.
Біз оқытуды құндылықпен ұштастырғанда М.Жұмабаевтің «Педагогика» еңгегіне назар аударуымыз қажет. М.Жұмабаев қашан да тәрбие мақсатын келер күн талабымен ұштастырады. М.Жұмабаев ұлттық тәрбиенің қажеттілігне назар аудара отырып, оны дұрыс, сауатты тұрғыда, бұрмаламай қолдануды ұсынады. Автор ұстаздың педагогикалық шеберлігін ұштау мәселелеріне де ден қояды. «Балаға дұрыс тәрбиені әрбір тәрбиеші (мұғалім) тәрбие жолын ешкімнен үйренбей-ай бере ала ма? Жоқ. Бұлай емес. Баланы дұрыс тәрбие қылу үшін әркімнің өз тәжірибесе жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысу керек».
Қазіргі білім беру мазмұны мұғалімінен өз білімін үнемі жетілдіріп отыруда талап етеді. Яғни, ұстаз оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру ортасын құру қажет. Ол үшін ұстазға түрлі шеберлік сабақтары, конференция, вебинар, коучингтерге қатысып отыру талаптары қойылуда. Міне, бір ғасыр бұрын Алаштың ұлы тұлғасы Мағжан Жұмабаев бұны «Педагогика» еңбегінде тайға таңба басқандай айтып кеткен.
Оқушылардың танымдық-шығармашылық ойын дамыту оқу әрекетін белсендірумен тығыз байланысты. Ал белсенділіктің бастауы – қызығушылық, яғни ынталандыру, қызығушылық өз қолымен істегн әрекеттен нәтиже алудан,өз еңбегінен ләззат алудан туындайды. «Бала еш уақытта іссіз отыра алмайтын болғандықтан,балаға ылғи пайдалы іс беріп отыру керек.
Сол себепті шәкірттерді табиғат аясында оқытудың, еңбек жасатудың тиімді екендігін талқыға салды. дей келе, оған дене тәрбиесі, ақыл тәрбиесі, сұлулық һәм құлық тәрбиесін беру керектігін ескертті. Баланың дұрыс әлеуметтенуінде тәрбиешінің маңызды роль атқаратындығын осыдан бір ғасыр бұрын жан-жақты талдап берді.
М.Жұмабаев «Педагогика» еңбегінде олардың бір-бірімен табиғи тамырластығын тәптіштеп түсіндіре келіп, былай дейді: «Егер адам баласына осы төрт тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болғаны. Егер де ол ыстық, суық, аштық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын күштерді елемейтін мықты берік денелі болса, түзу ойлайтын, дұрыс шешетін, дәл табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп тұратын құлықты болса ғана адам баласының дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы».
М.Жұмабаев «Педагогика» еңбегі бүгінгі күнде маңыздылығы ерекше артуда. Еңбекте М.Жұмабаев қазақ халқының сан ғасырдан бері атадан балаға өлмес мирас, өмірлік мұра болып келе жатқан тәрбие жөніндегі, баланы бағып-қағып, өсіріп, өнегелі азамат етіп шығару жөніндегі жинақталған тәжірибесін жаңа заманмен үйлестіріп бере білген. Әрі өзі де осы ойын әлемдік деңгейдегі белгілі педагогтардың пікірмен ұштастыра ғылыми тұрғыда негіздеген.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтің «Egemen Qazaqstan» газетіне берген сұхбатында «Жалпыұлттық құндылықтар бәрінен жоғары тұруға тиіс. Бұл туралы үнемі айтып жүрмін. Тағы да қайталаймын, еңбекқорлық, білімпаздық, кәсібилік, бірлік, ынтымақ, жанашырлық, іскерлік, бастамашылдық, адалдық, қарапайымдылық және үнемшілдік – нағыз отаншыл, адал азаматқа тән қасиеттер мен құндылықтар. Халқымыздың қуатын арттырып, табысқа жетелейтін осындай қасиеттер мен құндылықтарды жан-жақты дәріптеп, ұрпақ санасына сіңіру арқылы ғана сапалы ұлтқа айнала аламыз» деген пікірі оқытуды құндылықтармен кіріктірудің өзектілігін көрсетсе керек.
Алпысбаева Карлыгаш Ерикбаевна
Қарағанды қаласы «№81 ЖББМ» КММ Бастауыш сынып мұғалімі