«Педагогикалық идеялар панорамасы» байқауына 700-ден астам педагог қатысуда

Биыл сәуірде басталған «Педагогикалық идеялар панорамасы-2024» республикалық байқауының өңірлік кезеңі жалғасуда. Еліміздің барлық өңірлерінен байқауға қатысу үшін 706 өтінім келіп түскен.

Байқауға қатысу үшін белсенділікпен қызығушылық танытқан өңірлер: Маңғыстау, Ақмола, Түркістан облыстары мен Шымкент қаласының педагогтері. Өтінімдер бейне сабақтар, шеберлік сабақтар және цифрлық білім беру ресурстары түрінде қабылданады. Оқу сауаттылығы, ерте сауаттылық және цифрлық сауаттылық – ең танымал бағыттарға айналды.

 Конкурстың мақсаты – заманауи педагогикалық тәжірибе мен оқушылардың сауаттылығын дамыту саласындағы үздік тәжірибелерді педагогтер арасында тарату. Байқау келесі бағыттар бойынша өткізіледі: ерте сауаттылық, оқу сауаттылығы, математикалық сауаттылық, жаратылыстану сауаттылығы, цифрлық сауаттылық, медиа-ақпараттық сауаттылық, қаржылық сауаттылық, экологиялық сауаттылық, денсаулық мәселелері бойынша сауаттылық, әлеуметтік-эмоционалдық сауаттылық, мәдениетаралық сауаттылық және азаматтық-құқықтық сауаттылық.

«Педагогикалық идеялар панорамасы» республикалық байқауы педагогтер арасында әрдайым сұранысқа ие. Жеңімпаздардың жұмыстары «Өрлеу білім беру арнасы» YouTube-арнасында жарияланады. Барлық қатысушыларға сертификат беріледі және жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады. Сондай-ақ, марапаттау құжаттары біліктілік санатын тағайындау немесе растау үшін аттестаттау кезінде ескеріледі.

Өңірлік кезеңге қатысу үшін өтінімдер қазанның 15-іне дейін ppi.orleu-edu.kz сайтында қабылданады. Қосымша ақпаратты «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының облыстардағы және Шымкент, Алматы, Астана қалаларындағы филиалдарынан білуге болады.

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий