Қостанай облысы: Олимпиадалық математика бойынша семинар
М.Дулатов атындағы Қостанай инженерлік-экономикалық университетінің базасында математика пәнінің мұғалімдеріне арналған «Олимпиадалық есептерді шешу» оқыту семинары өтті. Іс-шараны «Қостанай дарыны» өңірлік оқу-әдістемелік орталығы жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі қарсаңында ұйымдастырды.

Семинарға облыстың 15 ауданы мен 4 қаласынан 37 педагог қатысты. Семинар жаттықтырушысы, Қостанай қаласындағы А.М. Горький атындағы гимназиясының тәжірибелі математика пәні мұғалімі – Динара Шакировна Клышева қатысушыларға өткен олимпиадалардағы есептерден практикалық мысалдар ұсынды және оларды шешудің тиімді жолдарын көрсетті.
Ұстаздар өз оқушыларын олимпиадалық жарыстарға дайындау үшін жаңа идеялар алуға мүмкіндік беретін тәсілдер мен әдістемелерді белсенді талқылады. Қатысушылар жаттықтырушының жоғары кәсібилігін және алған білімінің құндылығын атап өтті. Бұл семинар оқыту деңгейін арттыруға және өңір оқушыларының математикалық құзыреттілігін дамытуға одан әрі ықпал ете отырып, олимпиадаға дайындықтың маңызды бөлігіне айналды.