Ақтөбе облысы: Үш күнге созылған республикалық оқыту семинары
«Мектепте білім сапасын басқару: стратегиядан практикаға» тақырыбында үш күндік республикалық оқыту семинары өтті. Семинар «Баршаға қолжетімді сапалы білім» ұлттық баяндама жобасы аясында мақсатты мектептерге қолдау көрсету үшін ұйымдастырылды. Іс-шараға облыстық білім басқармасы, сапаны қамтамасыз ету департаменті, «Өрлеу» филиалы, әдістемелік орталық және 14 мектеп басшылары қатысты.

Бірінші күні мектептердің қазіргі жағдайы, проблемалары мен даму стратегиясы талқыланып, үздік мектептердің нәтижелері ұсынылды. Екінші күні оқу процесін ұйымдастыру бойынша сессиялар өтіп, білім беру тәжірибелерімен бөлісілді. Үшінші күні сапа менеджменті және мектепішілік бақылау мәселелері талқыланып, табысты кейстер таныстырылды. Семинар қорытындысында озық тәжірибелерімен бөліскен ұстаздар марапатталды.