Сәтбаев университеті: Қазақстан-Америка университеттер консорциумының құрылтайшылар жиналысы

Сәтбаев Университетінде Қазақстанның 20-дан астам және АҚШ-тың 19 жетекші университетінің өкілдері жиналып, STEM, IT, жаңартылатын энергия және ауыл шаруашылығы сияқты салаларда білім беру бойынша болашақ ынтымақтастықты талқылады. Консорциум жұмысын Сәтбаев Университетінің ректоры Мейрам Бегентаев өзінің құттықтау сөзімен ашты.

Ол білім беруді интернационалдандыру, Сәтбаев Университетінде шетелдік жетекші университеттердің филиалдарын ашудың маңызды екенін атап өтіп, оқу орын академиялық ынтымақтастық географиясын кеңейтуге дайын екендігін басып айтты.

Кездесу барысында қатысушылар екі елдің университеттері арасындағы серіктестіктің негізгі қиындықтары мен алдағы перспективаларын талқылады. Әсіресе өзара студенттермен алмасу, оқу бағдарламаларын әзірлеу, халықаралық зерттеулер және технологияларды коммерцияландыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий