Елімізде жекелеген пәндер бойынша 3000-ға жуық мұғалімге сұраныс бар, алайда жыл сайын жоғары оқу орындары мен колледждерді бітіріп шығатын педагогика саласы мамандарының саны бірнеше ондаған мыңнан асып түседі
Осы ретте оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев «Жедел желі» бағдарламасына сұхбатында кейбір өңір мектептерінде бастауыш сыныптар мен математика, ағылшын пәндерінің мұғалімдеріне сұраныс барын, ал бірқатар пән мұғалімдері бойынша керісінше ұсыныстың сұраныстан артық екенін айтты.
Министр сондай-ақ білім сапасының мұғалімге тікелей байланысты екенін және мемлекет тарапынан оқытушылардың сапалы құрамын қалыптастыру бойынша барлық жағдайдың жасалып жатқанын жеткізді.
Загрузка...