Мектепте ыстық тамақты ұйымдастыратын кәсіпкерлердің жауапкершілігі төмен – Оқу-ағарту министрі
«Жедел желі» бағдарламасында қонақта болған министр Ғани Бейсембаев Маңғыстауда оқушылардың жаппай улануынан кейін барлық өңірлерде тексеріс жұмыстары жүргізіліп жатқандығын айтты.
«Аймақтық тексеру комиссияларын заңдастырдық. Облыстық білім басқармасына қалаған уақытында, жүйелі түрде асханаларды тексеруге құқық бердік.
Заң жүзінде барлығы бар. Бірақ талапты орындауда отандық кәсіпкерлер өз міндетін дұрыс атқармай келеді. Мәселен, Маңғыстау өңірінде қызмет көрсеткен кәсіпкер 200 келісімшарт орнатқан. Осындай келеңсіздіктер жергілікті атқарушы органдардың тиісті тексерістерді дұрыс жүргізбеуінен», – дейді Ғани Бейсембаев.
Загрузка...