Болашаққа жол саламыз
Ата-бабам, асыл ерлер,
Елді корғап, ғұмыр кешкен.
Батырлықпен өткен өмір,
Бізге мұра – кең байтақ жер.

Жорық жасап, жау қайтарған,
Тыныштықты сақтап қалған.
Бейбіт күннің болашағын,
Келер ұрпағына сыйлаған.

Ту көтеріп, елді бастап,
Тәуелсіздік жолын ашқан.
Бабаларым – дана батыр,
Ізгі жолы мәнгі жасар.

Енді біз де ұмытпаймыз,
Бабалар жолын қуамыз.
Тарихымызды құрметтеп,
Болашаққа жол саламыз!
Инжу Фаридовна АМИРОВА,
Бауыржан Момышұлы атындағы
жалпы орта білім беру мектептің
4-ж сынып оқушысы, “Сөз маржан”
Collaboration Fest республикалық
байқауының қалалық кезеңіне
қатысушы үміткер, Павлодар қаласы