Елімізде 70 мыңнан астам педагог біліктілікті арттыру курстарынан өтті

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері үшін тегін біліктілікті арттыру курстарын тиімді өткізуді жалғастыруда.

Қазіргі уақытта еліміздің барлық өңірлерінен 70 мың 700-ден астам педагог оқытудан сәтті өтті. Тегін біліктілікті арттыру курстарының бағдарламасы биыл қарашаның соңына дейін жалғасады.

«Бүгінгі таңда орталығымыздың оқытушылары 2732 курс өткізді, онда 70 мыңнан астам педагог біліктілігін арттырды. Қазір мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің 303 педагогі, мектептердің 2673 педагогі және колледждердің 133 оқытушысы білім алуда. Курстардан өту қорытындысы бойынша алған білімдерін қорытынды бағалау, содан кейін оқытудың тиімділігін талдау жүргізіледі», – деп тілге тиек етті «Өрлеу» орталығының басқарма төрағасы Айдана Шилибекова.

Естеріңізге сала кетейік, курстар биыл ақпанның соңында басталған болатын. Орталықтың жоспарында 80 мыңнан астам педагог, оның ішінде мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесінің 11 мыңнан астам педагогі, мектептердің 68 мыңнан астам педагогі (оның ішінде бастауыш сынып жетекшілері мен мұғалімдері) және колледждердің 1380 педагогі оқытылады.

«Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығының баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий