Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы дәріс оқыды

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінде Корея Республикасы Ұлттық Ассамблеясының Төрағасы У Вон Шик бастаған Корея делегациясымен кездесу өтті. Айта кету керек, өткен жылы У Вон Шик мырзаға Қорқыт ата университетінің «Құрметті профессоры» атағы берілген. Ал, қазір Қазақстанға Ассамблея төрағасы ретінде У Вон Шик мырзаның алғашқы ресми сапары университет студенттеріне дәріс оқуымен жалғасты.

Басқарма Төрағасы – Ректор Бейбіткүл Кәрімова университеттің құрметті профессоры У Вон Шикке білім беру және технология саласындағы бастамаларды дамытуға қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді. Кездесу барысында екіжақты бірлескен жобалар талқыланып, университет тарапынан ұсыныстар айтылды. Корея Республикасынан келген делегацияның төрағасы У Вон Шик университет ұжымына ризашылығын білдіріп, өзара тиімді әріптестікті әрі қарай нығайтуға ниетті екенін жеткізді.

Сонымен қатар, Корея Республикасының делегациясы Жасанды интеллект институтының жұмысымен танысып, СеулТехпен бірлесіп іске асырылып жатқан жұмыстармен танысты. Еске салсақ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті мен Сеул ұлттық ғылым және технологиялар университеті (СеулТех) арасындағы «Халықаралық ынтымақтастық бойынша жетекші университеттік жобасы» (LUPIC) аясында былтыр Жасанды интеллект институты құрылды.

Биылғы оқу жылында ҚР ҒЖБМ СеулТех бағдарламалары бойынша оқитын үміткерлерге жүз грант бөлініп, қазіргі уақытта 4 бірлескен бағдарламалар бойынша оқу басталып кетті. Келесі оқу жылынан бастап СеулТехпен AI architect және Data management бойынша қос дипломды бағдарламалар іске асырылатын болады. СеулТехтың тарапынан зертханалық класстар ашылып оларға қажетті жабдықтар, серверлер келіп, бизнес-инкубатор орталығы ашылып, дрондар жинайтын инженерлерді даярлау басталады. Алдағы уақытта СеулТехпен ғылыми-техникалық ынтымақтастық аясында оқытушылар тәжірибе алмаспақ. Студенттер ағылшын, корей тілдерінде білім алады.

 

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің баспасөз қызметі

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий