АУЫЛ МҰҒАЛІМІ ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕ ӨЗ ӘДІСТЕМЕЛІК ИДЕЯЛАРЫМЕН БӨЛІСЕДІ

Оның Instagram парақшасының өзінде 14 мыңнан астам оқырманы бар. Педагог – зерттеуші Қазақстанның түкпір – түкпіріндегі,  ТМД елдеріндегі  әріптестеріне білім беру процесінде ақпараттық коммуникациялық технологиялар мен нейрожелілерді тиімді пайдалануды үйретеді. Әріптестері оның кеңестері сабақты анағұрлым қызықты әрі заманауи өткізуге, және балаларға тақырыпты терең түсінуге көмектесетінін айтады.

Нұргүл Аққалиева Атырау  облысы, Құрманғазы  ауданындағы Абай  атындағы жалпы орта  мектептің  орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі.
22 жыл еңбек өтілі бар тәжірибелі ұстаз әлеуметтік желіде өз әдістемелік идеяларымен бөліседі.

Ол әрбір постында азғана ресурспен – ақ оқыту процесіне  креативті тәсілдерді енгізуге болатынын көрсетеді. Облыстық және республикалық байқауларға, кинофестивальдерге, ғылыми жобаларға қатысып, шығармашылық әлеуетін дамытқан, жоғары нәтижелерге қол жеткізген оқушылары туралы әңгімелейді.

Мысалы оның ғылыми жұмысы үздік танылған оқушысы Анар Болатова жоба тақырыбы бойынша интерактивті жинақ жасап шығарған.

Мұғалімнің әлеуметтік желідегі парақшалары –  өз кәсібін жетілдіргісі келетін және балаларға ерекше қабілеттерін ашуға ұмтылатын педагогтер үшін таптырмас тың идеялардың, инновациялардың қоймасы.

Эльмира Мусақызы,
Атырау облысы Білім беру басқармасының баспасөз хатшысы

Понравился пост? Расскажи об этом своим друзьям!
Загрузка...

Добавить комментарий